Дипломаттар президент сайлауына түсе алады

Oinet.kz 11-04-2019 970

top_328387c22723f0711305b6f0abb44523.jpg

 Қасым-Жомарт Тоқаевтың Женевада қызмет еткені оның президент сайлауына қатысуына кедергі емес. Бұл туралы Қазақстан әділет вице-министрі Наталья Панға сілтеме жасаған басылымдар хабарлады.

Панның сөзінше, Тоқаев шетелде Қазақстан тапсырмасымен қызмет бабында болғандықтан, оның сайлауға қатысуына болады.

Тengrinews.kz ақпарат агенттігі мәжіліс төрағасының орынбасары, депутат Гүлмира Исимбаеваның "Тоқаев басқа дипломаттар сияқты заң бойынша сайлауға қатыса алады. Себебі (дипломаттардың) қызмет бабымен шетелде жүруі іс-сапар саналады. Шетелде қызмет етті деп есептелмейді. [Тоқаевтың сайлауға қатысуына] ешбір құқықтық шектеу жоқ" деген сөзін келтіреді.

Депутаттың сөзінше, "Нұр Отан" сайлауға бір кандидат шығарады.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2011-2013 жылдары БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры болған. Конституция бойынша, Қазақстан президенті болып соңғы 15 жыл елде тұрған азамат қана сайлана алады.

Қазақстанда президент сайлауы биыл 9 маусымда өтеді.

WhatsApp Image 2019-03-29 at 10.53.33.jpeg

А.Атамбаев: «Сооронбай сенің досың» дегенге алданып қалдым»
Қазақстан Қытайдан 113 миллиард қарыз алады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу