Ашық сабақ. Өзін өзі тану. Өмір жолын таңдау

Oinet.kz 05-10-2019 2849

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Қала: Шымкент

Мектеп: Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясы

Сабақтың тақырыбы: Өмір жолын таңдау                       Сабақ №1

Мерзімі: 7.09.2019ж

Мұғалім: З.Д.Баймурзаева

Құндылық:дұрыс әрекет

Қасиеттер: саналы әрекет, дәл осы жерде және осы сәтте болу, мақсаткерлік.

Сынып:9 «Ә»                                                                 

Оқушылар саны: 26

 

Сабақтың мақсаты: «өмір жолын дұрыс таңдау» ұғымын   талдау арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

·          «өмір жолы» ұғымының рухани тереңдігін ашу;

·          мақсаткерлікке ұмтылдыру;                          

·          шыншылдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар (құралдар, мәліметтер):

үнтаспа, слайд,

нақыл сөздер

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен   сәлемдесу, түгелдеу.

5 «Т»   ережесін сақтау.

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

Жағымды көңіл күйге   келу

 «Нұрға бөлену»

   Ыңғайланыпотырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.   Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.   Көздеріңізді жұмуларыңызға болады.

    Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің   төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл   түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және   таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды   шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға   ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол бірітіндеп күшейе түсуде. Оймен осы   нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.   Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға  көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады.   Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы   жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

    Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге   тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды   құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді  ғана естейді. Нұр көздерімізге  де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап,   бәріннен жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз    түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі  ой келеді.

    Нұр бірте-бірте қарқындап, шұғылана   бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды   туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.   Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да   жүрегі нұрға толсын.

   Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға,   жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық   түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің   ішімде...Мен Нұрмын"

   Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық   күйінде отыра тұрыңыз....

   Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.   Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.   Рахмет.

Сабақ барысын талқылау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Баяу әуен Шопеннің «Хрустальная   грусть»

Үй тапсырмасын сұрау

Ең   алғашқы сабақ болғандықтан оқушылардан жаз мезгілін қалай өткізгенін, немен   айналысқанын, алға қойған жоспарлары туралы сөйлестім.

-           Жазғы демалысты   қалай өткіздіңіз?

-           Жазғы демалыста   алған әсереріңізбен бөлісіңіз.

Сұрақ-жауап

Дәйексөз

Іздесең   – табасың, алыссаң – аласың.

                                                                 М.Әуезов

-    Неліктен ізденген адам табады? (бойыңдағы   қасиеттерді)

-    Алыссаң –   аласың дегенді қалай түсінесіз? (өзіңмен)

-    Саналы әрекет дегенді қалай түсіндірер   едіңдер?

 Ұл балалар содан соң қыз балалар қайталап   айтады.

Оқиғаларды әңгімелеу

Өсиет әңгіме

Өмірдің мәні.

Бағзы бір заманда бір кісі өмірдің мақсатын   түсінгісі келіпті. Әрі ойлайды, бері ойлайды. Бірақ санасын торлаған сауалға   жауап таба алмайды. Енді бұл сұрақты көрген-білген адамдарынан сұрай   бастапты. Бірақ ешкім де тұщымды жауап бере алмайды. Ауылдарды, көрші   қалаларды аралап: «Маған бұл өмірдің мақсатын айтып беріңдерші» деп сұрастыра   береді. Қанша жақсы болса да, алынған жауаптар бұл кісіні қанағаттандыра   алмайды. «Еее, мұның жауабы жоқ екен ғой» деп күдерін үзетін шаққа жетеді.   Сол кезде бір адам: «Сонау таудың арғы жағында көп жасаған қария бар. Содан   сұрап бір көр.

Бұл айтқан жерге жетіп, әлгі қартқа арнайы   келген сауалын тастайды. Сонда ақсақал: «Шырағым, бұл сұрағыңа жауап беремін.   Бірақ алдымен сені кішігірім бір сынақтан өткізуім керек. Соған көнесің бе?»   - дейді.

–Ойбай-ау, әрине көнемін.   Сол үшін ел кезіп, жер кезіп жүрген жоқпын ба? Айтыңыз сынағыңызды. Қария бұл   кісінің қолына бір қасық ұстатады. Сөйтеді де, оның бетіне дейін шүпілдетіп   зәйтүн майын құйып береді: «Енді сен осыны ұстап мына бақшаны бір айналып   келесің. Бірақ байқа, қасықтан бір тамшы май төгіліп кетсе, сынақтан   құлағаның» деп ескертіп қояды. Жолаушы жақсы деп келіседі де, бақшаны айналып   кете барады. Біраз уақыттан соң қайтып келеді.

       Қалай, майды төгіп алған   жоқсың ба?

       Жоқ, біртамшысы да төгілген   жоқ.

–  Ал енді айтшы, бақшаның гүлдері әдемі ме   екен?

–Атам-ау! Оны қайдан   білейін, менің есіл-дертім мына қасықта болған жоқ па?

–Ендеше, бақшаны тағы бір   айналып шық та, енді маған бақшаның көркемдігін айтып бер.

Жолаушы бір айналып қайтып   келеді.

–Бақша қалай екен, -дейді   қария.

–Әдемі екен, ата! Өте әдемі   екен.

Осы тұста данышпан қарт сәл   ғана жымияды да: «Бірақ қасықтағы майың не болды?», - дейді.

Қараса, бір тамшы да май қалмапты.

Осы   бір өмірлік сабақтан кейін: «Қарағым, енді жақсылап тыңдап ал! Бұл өмірдің   мәні сенің оған қарауыңа байланысты өзгере береді. Өмір бойы бір-ақ нәрсе   көріп, қартайып қалғаныңды да байқамауың мүмкін. Сондай-ақ бұл дүниенің барлық   ғажайыптарына таң қалып, оның жаратушысының шеберлігіне таң қалып, ағып жатқан   уақытыңа мән беруің мүмкін. Біле білсең, бұл өмірдің мәні сенің оған көзқарасыңа жасырылып қойған», – дейді данагөй қария.

     Жігіт неліктен өмір мақсатын   түсіне алмады?

     Қария жігітке қандай   тапсырма берді?

     Ол тапсырманың мәні неде деп   ойлайсыз?

      «Бұл өмірдің мәні сенің оған деген   көзқарасыңа жасырылған» - деп қария не айтқысы келді?

       «Дәл осы жерде және осы сәтте» дегенді қалай түсінесіздер?

       Өмірдің мәнін ұғу үшін өзің қандай әрекеттер жасап жүрсің?


Шығармашылық іс-әрекет, топпен   жұмыс.

1-тапсырма.

Қанатты сөздердi оқып, негiзгi ойын   анықтап, бүгiнгi өмiрмен байланыстырып, өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.

 • Фалес: «Ең қиын іс – өзіңді-өзің тану, ең   оңай іс – басқаға ақыл айту».

• И. Гете: «Өзіңді қалай танып білуге   болады? Тіпті де құр түйсінумен емес, тек қана іс-әрекет арқылы. Өзіңнің   борышыңды орындап көрсең болды, өзіңді тани кетесің».

• Абай: «Қашан бір бала ғылым-білімді   махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады».

• М. Горький: «Мен армандағыш,   ізденгіш, жаны тыным таппайтын кісілерді ұнатамын. Ал дегеніне жетісімен   тоқтай қалған адамның мен үшін ешқандай қызығы жоқ».

• Л. Фейербах: «Күшіне сенген адам   ғана мақсатына жете алады».

• Б. Момышұлы: «Үміт өрге тартады,   үмітсіздік көрге тартады».

2-тапсырма.

Кестеде берілген ұғымдарға сәйкес мағыналарын табыңыздар.

ҰғымАнықтамалары     1. Ғалам а) алға қойған мақсат, тілек,     арман.2. Мұрат ә) күткен үміт, ықылас, ниет.       3. Мүддеб) ынта, ықылас, жігер,     міндет, жауапкершілік. 4. Рақым в) бүкіл жер жүзі, әлем. 5. Сенім г) қайырым, мейірім, шапағат.     6. Талапғ) белгілі бір істі, жоспарды орындау жолындағы ойлы     мақсат, асқақ арман.

Баяу музыка қойылады.

 

Топпен ән   айту.

Арман жолдар

Сөзін жазған: Арман   Дүйсенбі

Әнін жазған: Ұлықпан   Жолдасов

Жол – жетелейді арман мен мұраттарға,

Жол – жауап жоқ алады сұрақтарға.

Сен адастырма, арманым, жол бастаған,

Үйреттің өмір сырын алғаш маған.

Сен – қиялы құсым сапарға алып ұшқан,

Сен – арман ару, жаралған сағыныштан.

Сен – жас дәуренім, жүзіндей ақ алмастың,

Мөп-мөлдір кәусарыңа қана алмаспын.

Сен – арман-қиял, жетелеп жас күнімді.

Сен – ұрлап алып кетпеші жастығымды.

Сен – қол жетпейтін тұратын сағымнансың,

Жолдарда жүріп өткен әнім қалсын.

 

Әнді ерекше көңіл күймен айтып, сергиді.

Үй тапсырмасы.

1. №1 – сабақ. 4 – тапсырманы орындау. Өзіңіздің өмір жолыңызды таңдау   жопарын жасап, сыныптастарыңызбен ортаға салыңыз.

2. Келесі сабақ. №2, «Қыран қазақ» мәтінін оқып келу.

 

Күнделіктеріне жазады.

Сабақты қорытындылау

    Бүгінгі   сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз   сөйлейік.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

Баяу музыка қойылады.

Сабақты   қорытындылау.

 

 

 


Ашық сабақ. Өзін-өзі тану. Мен өмірді сүйемін. Сүйіспеншілік
Ашық сабақ. Өзін өзі тану. адам деген ардақты ат.
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу