Ашық сабақ. Өзін өзі тану. адам деген ардақты ат.
Тексерілді: _______________
«____»______________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: _______________
Күні: _______________
№: 1
Мұғалімі:
Сыныбы: 10
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Адам деген ардақты ат
Құндылығы: Ақиқат.
Қасиеттері: Әділеттілік, саналылық, арлылық
Мақсаты: Оқушыларға адам адам деген ардақты атқа лайық болу керектігін түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларды әділеттілікке үйрету 2. Дамытушылық: Оқушылардағы арлылық қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды парасаттылыққа тәрбиелеу. | Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1.http://oilar.kz |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Жағымды күйге келу. «Өз жұлдызыңды тап» жаттығуы Мақсаты: Оқушының өзіне деген сенімділігін арттыру. Ал енді жұлдызды аспанды көз алдыңызға елестетіңіз. Жұлдыздар алып және кішкентай, жарық немесе күңгірт. Біреуіңіз үшін ол бір немесе бірнеше жұлдыз. Олар бірде жақындайды, бірде алыстайды. Жұлдыздарға анықтап қарап өзіңізге ұнағанын таңдаңыз. Мүмкін ол сіздің балалық арманыңызға ұқсайтын болар, мүмкін ол сізге қуаныш бақыт, сәттілік серпіліс сәттерін есіңізге түсіретін болар. Тағы да сол жұлдызыңызды тамашалап енді бар күшіңізді салып сол жұлдызға қолыңызды созыңыз және міндетті түрде сол жұлдызыңызға қол жеткізіңіз. Аспаннан мұқият түсіріп алып, ептеп алдыңызға қойыңыз, қандай екенін, қалай сәуле шашатынын есіңізге сақтаңыз. Енді қағаз қаламдарыңызды алып сол жұлдыздың суретін салыңыз. Сіздің әрқайсыңыздың әдемі жұлдызыңыз сізге мейірімділік, достық өзара көмек қолдау сәулесін шашып турады. Енді жұлдыздарыңызды арман картасын жасап соған орналастырасыздар. Арман картасына ҰБТ-дан қанша балл жинайсыз, алдыңызға қандай мақсат қойдыңыз, соны жазасыз. Арман карталарыңыз өте әдемі болуы керек | |
2. Сабақтың дәйексөзі. Адамгершілікті, кісілікті неғұрлым терең ұғынған сайын әр адам өзіне жақсы төреші бола алады.В.А.Сухомлинский Васи́лий Алекса́ндрович Сухомли́нский ( 28 қыркүйек 1918, Украина — 2 қыркүйек 1970, Украина ССР) — ұлы орыс педагогы. 1968 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын алады. Ұлы Отан соғыс ардагері. Сұрақтар: 1. Адамгершілік, кісілік адамға не үшін қажет? 2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз? | |
3. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Ш. Құдайбердиев Адам өмірін қалай түзеуге болады? Адам қайткенде тату тұра алады?... Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға – адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ. Әрине, адам оқып, біліп үйренуі қажет. Білім-ғылымсыз өнер табылмайды. Сол алған білім-өнерлерін адал еңбекпен жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса, табылмайтын нәрсе жоқ. Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне, пайдасына жаратуы керек. Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады. Ал арлы, ақылды, адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтануды білмейді және істемейді. Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен-бірі тату тұруында сөз жоқ. Атақты «Қорлан» әнінің авторы Естай ақын жасы Олай болса М. Шахановтың Естайдың 72-ге келіп, тіршілікпен қоштасар сәтінде аласыұрып, жан досы Нұрлыбекті іздепті. Екі күндік қашық жерде тұратын Нұрлыбек аттан құлап, аяғын сындырып алғанына қарамастан, арбаға жамбастай жатып, досына жеткен екен. Сонда Естай ақын әбден жұқарып, тозуға айналған сұқ саусағындағы жүзігін көрсетіп: «Сүйегіме кіретін қарттарға ескерт. Мына жүзікті жарты ғасыр саусағымнан тастамай келгенімді білесің, енді қалған уақытта да қолымда жарқырап жатсын деген. Ұлы сезімін кішкене жүзікке сыйдырған қайран Қорланым-ай!» – деп ағыл-тегіл жылапты. М.Шаханов осы оқиғаны Евгений Евтушенконың үйінде шетелдік қонақтармен бас қосуда әңгімелеп бергенде, итальян мүміншісі: Мұнда сүйгеніне қосыла алмаған ғашықтардың сағынышы мен зары ғана емес, бүкіл бір ұлттың махаббатқа деген мінезі мен ерлігі жатыр екен - деп баға берген. Сұрақтар: 1. Адамның бойындағы қандай қасиеттер оның өмірін жақсартуға көмектеседі? 2. Неліктен жақсылық жүректен шығады деп айтады? 3. Айналаңдағы адамдармен тату болу үшін қандай игі істер жасар едіңдер? 4. Адам өмір бойы бір адамға ғашық болып өтуі мүмкін бе? 5. Өзіңнің жақсы қасиеттерің мен құндылықтарыңды қалай көрсетесіңдер? | |
4. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлінеді. 1 – топ: «Адамгершілік» 2 – топ: «Ізгілік» 3 – топ: «Әділеттілік» Тапсырма: Мақалды жалғастыр. 1 – топ: «Адамгершілік» 1. Адамның адамшылығы – ..., ғылым, жақсы ата – ана, жақсы құрбы, ұстаздан болады. (Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата – ана, жақсы құрбы, ұстаздан болады) 2. Жақсы адам ... белгілі. (Жақсы аам жолдасымен белгілі) 3. ... ... ақылы сарқылмайтын көлмен тең. (Ата – ананың ақылы сарқылмайтын көлмен тең) 4. Адамгершіліксіз адам ... келеді, Жан жағын жаппай келеді. Адамгершілікті адам жай – жай келеді, Жан – жағын ... келеді. (Адамгершіліксіз адам айқайлай келеді, Жан жағын жаппай келеді. Адамгершілікті адам жай – жай келеді, Жан – жағын байқай келеді) 2 – топ: «Ізгілік» 1. Ар қайда болса ... сонда. (Ар қайда болса ұят сонда) 2. ..., ар, ұят – адамдықтың белгісі. (Әдептілік, ар, ұят – адамдықтың белгісі) 3. Әдепті бала ... атпен тең. Ақылды қария жазып қойған хатпен тең. (Әдепті бала ауыздықсыз атпен тең. Ақылды қария жазып қойған хатпен тең) 4. ... істеуден жалықпа Істеген ... өкінбе! (Жақсылық істеуден жалықпа Істеген жақсылығыңа өкінбе) 3 – топ: «Әділеттілік» 1. Биікке шықсаң ... ашылады, Жақсымен сөйлессең ... ашылады. (Биікке шықсаң көзін ашылады, Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады) 2. Ұят жүрген жерде ... төгілмейді. Абырой бар жерде ар шапан сөгілмейді. (Ұят жүрген жерде абырой төгілмейді. Абырой бар жерде ар шапан сөгілмейді) 3. Жақсы адам – елдің ырысы, Жақсы сөз – ... тынысы. (Жақсы адам – елдің ырысы, Жақсы сөз – жанның тынысы) 4. Сыйға сый, сыраға бал. (Сыйға сый, сыраға ...) | |
5. Топпен ән айту. Ырзамын Мұқағали Мақатаев Тағы да көрдім, Тағы да көрем таң нұрын! Аязын қыстың, Аяулы жаздың жаңбырын. Алтынға, мейлі, толмай-ақ қойсын сандығым, Ырзамын саған! Ырзамын саған, тағдырым! Шаршаған шақта, Шақырып сені жекпе-жек, Басыма менің, Бақыттан басқа төкпе деп, Тағдырым, саған Жүріппін босқа өкпелеп. Өшпестей етіп, Өмірдің жазған бұл заңын, Түсінбей кейде, Тосырқап менің жүр жаным. Кеудемде мына, Өзің сыйлаған бір жалын, Лапылдап жатыр, Тағдырым, саған ырзамын | |
6. Үй тапсырмасы. 1. №1 – сабақ. 1 – тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №2, «Адамды сүйе біл» мәтінін оқып келу. | |
7. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |