Ашық сабақ. Өзін-өзі тану. Мен өмірді сүйемін. Сүйіспеншілік

Oinet.kz 05-10-2019 1814

Балқаш аудандық білім бөлімінің

«Н.Бозжанов атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ

Педагог-психолог  және өзін-өзі тану мұғалімі

Ырымжанова Аида Каршигиевна

 

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мерзімі:                

Тақырып: Мен әлемді сүйемін.       

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Қамқорлық, қайырымдылық, мейірімділік.

 Мұғалім: Ырымжанова А.К Сынып: 8 «А»,    Оқушы саны: 16         

Мақсаты: оқушыларға қоршаған әлемді сүюдің маңыздылығын   түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

-           Оқушылардың әлем мен адамның біртұтастығы туралы   түсініктерін кеңейту.

-           Оқушылардың қоршаған әлемге қамқорлық жасау дағдыларын   дамыту.

-           Оқушыларды қайырымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар

 

Оқулық, дәптер, мақал   –мәтел, дәйексөз, жағдаят.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, оқушылардың   көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. 
  5 Т ережесін еске салу.
  1.Тәртіп
  2.Талап
  3.Тыныштық
  4.Тазалық
  5.Татулық

1. Тыныштық сәті.

                                      Ғажайып   көл.

  Босаңсып ыңғайланып   отырыңыз. көзіңді жұмыңыз. Толық босаңсыған соң әдемі безендірілген дәлізді   көз алдыңызға елестетіңіз. Дәліздің соңында еменнен жасалған есік көрінеді.   Есікке жақындағанда ол жайлап ашылып кетті. Есік толығымен ашылғанда сіз   әдемі көлді көресіз. Айнадай көк жасыл суы бар, көлді үлкен лала гүлдер   безендіріп тұр, көлдің айналасында алуан түрлі сары, жасыл, сия көк, қызыл   түсті мыңдаған гүлдер өсіп тұр. Осы таңғажайыптың ортасында аңдар жүр.   Арыстан көлден су ішіп жатыр, ол судан басын көтеріп сізге қарады да, асықпай   орманға кіріп кетті.
  Жан-жағыңызға мұқият қарап сіз көл ортасынан үлкен раушан гүлді байқайсыз.   Оның үлкендігі сондай, сіз оның ортасына жайғасуыңызға болады. Сіз гүлдің   тамаша иісін сезесіз. Сіз ақ бұлттар жүзіп бара жатқан таза көгілдір аспанды   көрдіңіз. Тыныштық…
  Сіз тұрып отырдыңыз, айналадан көргендеріңізге күле қарайсыз. Қоянның ін   қазып жатқанын көрдіңіз. Елік үлкен қара көздері мен сізге қарайды.

Жағалауда аю отыр, суда бірнеше піл тұр, олар тұмсықтарымен су   шашады.
  Сіз жайлап гүлден сырғып, суға түсіп жүзе бастадыңыз. Су жылы, сіз өзіңізді   жас әрі жеңіл сезінесіз, су ішесіз, су астына ешқандай тұншықпайсыз. Түрлі әсем   балықтар жүзіп жүр. Сіздің қасыңызға делфин келіп, ескі досыңыз сияқты сәлем   берді. Су сіздің қан тамырларыңызға құйылып тазалай бастады. Делфиндер мен   бірге жағаға шықтыңыз.
  Сіз қайтадан раушан гүлдің ортасында дем алыңыз. Алыста төбесінде қары көз қаратпайтын   тау көрінеді. Ғажайып көлден жоғары көтеріліп кеттіңіз. Биіктей бересіз,   көлді бір айналып өтіп жануарларға қарайсыз. Жоғарыдан қараған мүлде бөлек.   Тауға қарай бет алдыңыз. Алдыңызда ұшақтар ұшып барады. Үлкен жайылымның   үстінен өтіп бара жатқандайсыз. Сізге қарап жақындап келіп, біраз уақыт бірге   ұшты.
  Ақ қарлы тауға келіп қондыңызда, таудың салқын ауасымен кеудеңізді кере дем   алыңыз. Тауды бір айналып өтіп төмен қарай ұштыңыз. Көлдегі раушан гүлге   қонып дем алдыңыз. Енді жеңіл көтеріліп, баспалдақ арқылы емен есікке   келдіңіз. Есік арқылы  әдемі дәлізден ары қарай өтіп, өз орнымызға   келеміз.

Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

«Түнгі қонақтар» оқып   келу.


3. Дәйексөз:

«Адамзаттың табиғатсыз – күні жоқ

    Табиғаттың оны айтарға – тілі жоқ»

                             Қыдыр Мырза Әли

- Ұлдарға хормен оқыту

- Қыздарға хормен оқыту

- Дәптерлеріңе жазып алыңдар

- Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?                                               

Мағынасын түсіндіру.

4. Оқиғаларды әңгімелеу (Мұғалім сыйы)

 Жайын ілерде

(Үзінді)

Хамза Есенжанов

    Мен томпандап памамнан қалмай келем. Папам аршыңдап аяңдайды. Соңында   мен барын ұмытып кеткен шығар. Барлық жұмысы асығыс жұмыс және алакөбеңнен   жиналатын бір қауырт кәсіп қой. Байқаймын: андағы – мұндағы көзге шалынғанша   су басына жету керек, сондықтан да бүгін папам сақардан тұрды. Борсаңдап   терлей бастадым. Аяқта киіз байпақты етік, баста құлақшын, үстінде күпі. Жылы   киінбесе де болмайды. Мұз үсті суық.

    «Ақырын жүрсе етті» деймін ішімнен. Бірақ папама жай жүр деуге батылым   бармайды. «Жүре алмасаң, неге ердің», - дей ме деп жасқанам. Әрине, неге   ердің деп айтпайды папам. Өйткені мені ертіп жүруді іші жақсы көреді, тек   атамнан қорқады. Өйткені мен атам баласымын ғой – өзінің тізесінен басқа   жерге отыртпай, папама деу түгіл, бетімнен де сүйіп көрген емес. Оңаша ғана   сүйеді. Онда да жан – жағына қарап алып өбеді бетімнен.

    - Мен де балыққа барамын, әже, - деп қыңқылдай бастады.

    Папам маған қарап жымың етті де, үндеген жоқ, Ал, менің тілегімді екі   етпейтін әжем:

 - Атаңнан сұра, айналайын. Атаң жіберсе,   бара ғой, - деген.

 Атам алдымен тамағын бір кенеп алып, ұзынша   ақ сақалын салалай түсті. Сөйтті де қыңқылдай бастаған менің маңдайымнан бір   сипап өтті; тағы да тамағын кенеді. Ал папам жымың – жымың етеді, бірақ теріс   айнала береді.

    - Тоңып қалыпсың ғой, - деді атам, біраздан кейін.

    - Ата, тоңбаймын, - деймін еркелеп, сүйкене түсіп.

    - Жылымға түсіп кетерсің, қарағым.

    - Жоқ, ата, түспеймін, - деймін енді атамның санын құшақтай түсіп.

    - Сабағыңнан қалып қоясын.

    Оған да жауап таптым:

    - Ата, шайға дейін қайтып келемін.

    Басымнан бір сипап, маңдайымнан бір сүйіп ақырында атам көнген   болатын. 

    - Жарайды, - деген ол ақырын ғана.

    Міне, сол ертіп шығуға өзі де құмар папам соңындағы маған бір   қарамайды. Жыларман болып келемін, аяғымды жүгіре басамын, жете алмаймын.   Киім қалың: күпінің ішінде бешпент бар, бешпенттінің ішінде түбіт шұлығым.   Өзен де алыстап кеткен сияқты. Бұрын жұрт бір шақырым жер деуші еді... Не   керек, терлеп – тепшіп, жыларман боп булығып, бір кез жағаға да жеттік.

- Атасы немересінің балыққа баруын не   себепті қарсы болды деп ойлайсыңдар?

 - Мәтінде қысқы табиғат көрінісі қалай   суреттелген? Өзің тұратын жердің табиғаты қандай?

 - Айнала қоршаған ортаны қорғап, сақтап   қалуда қандай жалпыадамзаттық құндылықтар көрінісі береді?

 - Отбасымен немесе достарыңмен табиғат   аясына серуенге шығып тұрасың ба? Алған әсерлеріңмен бөліс.

 - Қоршаған әлем, табиғатқа риясыз   қызмет ету үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек? Жауабыңды нақты   мысалдармен дәйектеп айтып бер.

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

5. Шығармашылық іс – әрекет, топтық жұмыс

4 – тапсырма.

Төмендегі берілген қанатты сөздердегі негізгі ойды анықтап, бүгінгі   өмірмен байланыстырып, өз ойларыңды түйіндеңдер.

  Атистотель: «Өмірдің мәні не? Айналаңа қызмет етіп, көмек   көрсету»

  Әйтеке би: «Ағаң келсе – ардақтап   атын байлағандай, қонағың келсе – құрметтеп, көңілін жайлағандай тындырымды   ісің болғанға не жетсін»

  Махатма Ганди: «Адам бойындағы асыл қасиеттерді дамыту үшін   алдымен батылдық керек. Батылдық болмаса, адам баласы қалайша ақиқат іздейді,   қалайша махаббатты қорғайды»?

 5 – тапсырма.

«Адам – әлем - сүйіспеншілік» ұғымдарының арасындағы байланыстардың мәнін   ашып, өмірден мысалдар келтіріп, талқылаңдар.

Оқушылар тапсырмаларды орындайды.

6. Топпен ән айту

 ю

Өлеңін жазған: Қалқаман Сарин Әнін жазған: Арман Дүйсенов

Туған жерім тұғырлы өлкем,
  тәй-тәй қадам басқан жерім.
  Өзіңде өткен ғұмыр көркем,
  Ай-хай далам асқар белім.
  Туған жерім мөлдірейді,
  жанарымда аспан көгім.
  Жан жүрегім елжірейді, 
  Естен кетпей жаз дәуренім.
 
  Қайырмасы:
  Туған жер, туған ел айбыным!
  гәккулы-аққулы  айдыным!
  Жақұтым, бақытым, байлығым сен!
  Туған жер, туған ел тағдырым,
  Сен барда жалғанда бар құным,
  Таусылмас, сарқылмас ән-жырым сен!
 
  Туған жерім сен ұлысың,
  Баба мұра бақ-несібем!
  Саған деген сағынышым,

Жүрегімнің қақты есігін.
  Туған жерім сыйын бөлек,
  Алтын ұя ақ бесігім.
  Сені мәңгі сүю керекғ 
  Сүймегенге жоқ кешірім!

Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді.

7. Үй тапсырмасы:

6 – тапсырма.

 Өлеңді оқып, елге деген махаббат жайлы   өздеріңнің ойларыңмен бөлісіңдер.

Күнделіктеріне  жазады.

8. Сабақтың қортынды сәті

- Балалар, тыныштық сақтап, үнсіз, қолымызды жүрегімізге қойып,   жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың   арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер.   Сездіңдер ме, сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай   болса, сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.

Оқушылар   көздерін жұмып демалады.

 

 


«Кәсіподақтар қызметкерлері күні» қарсаңында жиын өтті
Ашық сабақ. Өзін өзі тану. Өмір жолын таңдау
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу