Министр қазақстандықтарға үндеу жолдады

Oinet.kz 18-09-2020 1000

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қазақстандықтарды сенбілікке шығуға үндеді, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев

Министр атап өткендей, жыл сайын 19 қыркүйекте бүкіл әлемде "World cleanup Day" акциясы өтеді.

"Миллиондаған адам қоғамдық орындарды қоқыстан тазарту үшін сенбілікке шығады. Былтыр шара 169 елдің азаматтарын біріктірді. Барлық қазақстандықты сенбі күні осынау ауқымды шараға белсенді қатысуға шақырамын", - деп жазды Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында.

Оның айтуынша, ел бойынша еріктілер, белсенділер, қоғам өкілдері табиғи аумақтарды қоқыстан тазартып, ағаш отырғызады.

"Өз аулаңызды, айналаңыздағы саябақтар мен су арналарын, тағы басқа орындарды тазалау арқылы акцияға Сіз де үлес қоса аласыз", - деп түйіндеді экология министрі.

Tengri Bank лицензиясынан айырылып қалды
Президент министрді соққыға жықты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу