Әлемге әйгілі танымал актер коронавирус жұқтырды

Oinet.kz 04-09-2020 878

Ұлыбританиялық актер Роберт Паттинсон COVID-19 инфекциясын жұқтырып алды. Салдарынан "Бэтмен" франшизасының түсірілімі тағы да тоқтап қалған, деп хабарлайды Oinet.kz сайты KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. 

755970594957041 (1).jpg

Қазір фильмнің түсірілімі Лондонда өтіп жатыр. The Warner Bros киностудиясының мәліметінше, қазіргі ережеге сәйкес басты рөлді сомдайтын актер оқшауланған. Ал түсірілім уақытша тоқтатылған. Киностудия актерлардың жеке өміріне қатысты болғандықтан басқа ақпарат беруден бас тартқан. 

Айта кетейік, танымал франшизаның түсірілімі 2020 жылдың қаңтарында Ұлыбританияда басталған еді. Алайда коронавирус пандемиясына байланыста түсірілім жұмыстары тоқтатылған. Сл кезде фильмнің режиссері әрі продюсері Мэтт Ривз материалдың біраз бөлігі түсірілгенін хабарлаған болатын. 

Кинокартинаның АҚШ-тағы премьерасы 2021 жылдыың 1 қазаны деп жоспарланған. Ал Роберт Паттинсонның Бэтмен рөліне бекітілгені 2019 жылдың мамырында белгілі болды. Warner Bros кинокомпаниясы Паттинсон және ағылшын актері Николас Холт арасында таңдау жасаған.

«Мемлекет ешқашан мардымды көмек берген емес» - жалғызбасты ана (видео)
Жұмысынан тыс уақытта қой бағатын президент шын мәнінде кім? (дереккөз)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу