Жұмысынан тыс уақытта қой бағатын президент шын мәнінде кім? (дереккөз)
Иранның экс-президенті Махмуд Ахмадинежад халықтың есінде ерекше көшбасшы ретінде қалды. Саясаткер 2005-2013 жылдар аралығында ел биледі. Ол халыққа жақын болуға, тұрғындардың қажеттіліктері мен талаптарын түсінуге тырысты.
Өмірдерегі:
Семнан губерниясы, Арадан ауылында кедей теміршінің отбасында дүниеге келген - тегі бойынша талыш. Махмуд бастапқыда Саборжан тегін алып жүрді. Бұл тек оның ата-бабаларының негізі кілем бояу кәсіпшілігімен айналысқандығын білдіреді. Кейінірек тегі эвфониді - Ахмадинежад болып өзгертілді: араб тілінде «ахмад» «ізгілікті» білдіреді, ал парсы тілінде ол негізгі ислам пайғамбары Мұхаммедтің қысқаша атауы ретінде қолданылады, «нежад» фарси тілінде «шығу тегі» дегенді білдіреді.
1976 жылы М.Ахмадинежад Иранның ең беделді жоғары оқу орындарының бірі - Тегеран ғылым және технологиялар университетіне оқуға түсіп, оны көлік инженері біліктілігі бойынша бітірді. 1986 жылы аспирантураға түсіп, 1997 жылы докторлық диссертациясын қорғаған.
Отбасы:
Махмуд Ахмадинежад үйленген, үш баласы, яғни, екі ұл, бір қызы бар. Жарының есімі - Азам Аль-Садат Фарахи. Ұл-қыздары: Фатемех Ахмадинежад, Алиреза Ахмадинежад, Мехди Ахмадинежад.
Жұмысқа автобуспен баратын президент
Махмуд Ахмадинежад - өте қарапайым адам. Басшы жұмысқа автобуспен барып, кез келген адам сияқты жол ақысын төлейтін еді. Ол ел басқарған шақта жұбайы көптеген қарапайым әйелдер секілді білім беру мекемелерінің бірінде еден жуушы болып жұмыс істеген.
«Халықтың құлымын»
Бірде американдық журналист президенттен «Айнадағы бейнеңізден кімді көресіз?» - деп сұраған. Сонда Махмуд «Айнадағы бейнеме үнемі «Халықтың құлы екеніңізді ұмытпаңыз» деп айтамын», - деп жауап беріпті.
Расымен де, Ахмадинежад бұл ұстанымды берік ұстанды. Басшы қызметке кіріскен алғашқы күннен бастап ел тұрғындарын таңғалдырумен болды. Ол ең алдымен жұмыс бөлмесіндегі барлық қымбат парсы кілемдерін мешітке беруді бұйырып, өзі кәдімгі арзан төсеніштерді төсеуге шешім қабылдады.
«Жастарға жол беру керек»
М.Ахмадинежад ел билеген шақта профессорларды ерте зейнетке шығарды. Биліктің түсіндірмесі бойынша, бұл жастарға жол беру үшін жасалған.
Қой бағып жүрген экс-президент
Махмуд Ахмадинежадтың 1977 жылғы ескі Peugeot көлігі мен әкесінен қалған шағын үйі ғана бар. Басшы басқа шенеуніктерді де бақылауда ұстауды жөн көрді. Экс-президенттің басшылығымен министр қызметіне кіріскендердің барлығы «байымаймын» деген қағазға қол қойды. Сондай-ақ, олардың туыстарының есепшоттары да мұқият тексеріліп отырды. 2013 жылы отставкаға кеткеннен кейін, Махмуд ақша үшін емес, халықтың игілігі үшін жұмыс істедім деп президенттің арнайы зейнетақысынан бас тартты. Қазіргі таңда ол университетте дәріс оқып, жалақысына өмір сүруде. Бос уақытында қой бағады.
Махмуд Ахмадинежад қазіргі таңда:
2020 жылдан бастап Иран Ислам мемлекетінің экс-президенті әлеуметтік желілерді қолдана бастады. Қазіргі таңда, ол «Твиттер» және «Инстаграм» парақшаларын қолданып, онда күнделікті жаңалықтар мен фотоларын жариялап отырады.