Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 10 адам көз жұмды
Қазақстанда өткен тәулік ішінде алты адам коронавирустан, төртеуі коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
«Қазіргі уақытта 5 924 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның 34-і - балалар. Ауруханаларда 3 119 науқас, амбулаториялық деңгейде - 2 805 науқас бар. 144 адамның жағдайы ауыр, 19-ының денсаулығының жағдайы өте ауыр деп бағаланады, 25 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.