Бүгін Елбасының екінші қызы Динара Құлыбаеваның туған күні
Бүгін Еліміздің тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаеваның туған күні.
Динара Нұрсұлтанқызы 53 жыл бұрын, яғни 1967 жылы 19 тамызда Қарағанды облысы, Теміртау қаласында дүниеге келді. Ол «Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық білім қорының» директоры 1989 жылы А.В.Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтын бітірген. 1998 жылы ҚМЭБИ-де іскерлік әкімші магистрі дәрежесін алды. 2007 жылы «Халықаралық үлгідегі мектептерде білім жүйесін басқарудың әдістемелік негізі» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. 1998 жылдан «Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық білім қорының» директоры. 2001 жылдан «Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі. 2004 жылдан «ҚБТУ» АҚ директорлар кеңесінің төрайымы. «Парасат» орденімен марапатталған.