Сүйінші жаңалық. Студенттерге жаңа грант!
25-05-2022
Қазақстандағы табысы аса жоғары отбасылардан шыққан балаларға мемлекеттік грант беруге тыйым салу ұсынылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Грант үлестіріп жатқанда баланың үлгеріміне ғана емес, әлеуметтік-экономикалық факторларға да қарау керек, деді Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Асылбек Қожахметов.
– Үй-ішінің табысы жоғары абитуриенттер грант алмауы керек. Гранттарды табысы төмен отбасылардан шыққан барлық абитуриенттерге 50 балл жинаған жағдайда бере салу керек.
Биыл Ұлыбритания үкіметі Кембридж бен Оксфорд университтеріне балалардың кемінде 7%-ын кедей отбасылардан қабылдауды тапсырды. Әлем өзгеріп жатыр. Әлеуметтік лифт жұмыс істеуі үшін мемлекеттік гранттарды табысы төмен адамдарға бағыттау керек, – деді Асылбек Қожахметов.