Алексей Цой бұйрыққа өзгерістер енгізді
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарды бетперде киюге міндеттейтін бұйрықты өзгертті. Енді маска тағу балалар мен ашық ауада жаттығатындар үшін міндетті емес, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы" министрдің 2020 жылғы 5 шілдедегі бұйрығына өзгерістер енгізілді.
"10-тармақтың 7) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
7) қоғамдық орындарда, халық келетін, қызмет көрсетілетін және демалуға арналған нысандарда, қоғамдық көлікте, бес жасқа дейінгі балаларды және әлеуметтік қашықтық сақталатын қоғамдық тамақтану орындарын қоспағанда медициналық немесе мата маскаларын тағу міндетті,
9) қоғамдық орындарда ашық ауада медициналық немесе мата маскаларын тағу міндетті, бұған бес жасқа дейінгі балалар, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бес адамнан аспайтын жеке, топ бойынша спортпен айналысатын адамдар кірмейді", - делінген жаңартылған құжатта.