Қазақстанда алғашқы адамға коронавирусқа қарсы вакцина егілді

Oinet.kz 01-08-2020 5461

Қазақстандағы алғашқы адамды коронавирусқа қарсы вакцинациялау Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы халықаралық вакцинация орталығында жүргізілді. Бұл туралы Oinet.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеп хабарлайды.

news_full1596261951a7dd4915701c7360538df119d54f1630.jpg

Екпе алған алғашқы қазақстандық орталық директоры Қайсар Табынов болды. Оған COVAX-19 атты препарат енгізілді. Вакцина Австралияда жасалған және қазіргі уақытта клиникалық сынақтардың бірінші кезеңінен өтуде.

Бұл препараттарды жасаумен көптеген ғылыми ұжымдар, институттар, компаниялар айналысты. Оның ішінде отандық вакцинамен біздің мамандар да жұмыс істеуде. Қолдануға дайын үлгілер бар.

Сондықтан жаппай вакцинация процесі - уақыт еншісінде. Бірақ бұл жерде уақыт факторы өте маңызды, өйткені, өкінішке орай, инфекция адам өмірін алып кетіп жатыр. Сондықтан Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы халықаралық вакцинология орталығы балама шешім ұсынады.

Белгілі болғандай, Қазақстанда өз вакцинасын Жамбыл облысының Отар кентінде орналасқан биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты әзірлеуде.

Алексей Цой бұйрыққа өзгерістер енгізді
Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу