Елордалық адвокат анасын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

Oinet.kz 10-06-2020 1053

Елордалықадвокат  туған анасын өлтірді деген күдікке ілінуде. Ол бұрынғы жоғары шенді әскери прокуратура қызметкері болып шықты, деп хабарлайды Oinet.kz КТК телеарнасына сілеме жасап.

image.png

Белгілі болғандай, 45 жастағы Құмар Бердалин подполковник атағында әскери прокуратурадан кетіп, адвокат болып жұмыс істеген. Қылмыс болған үйде тұрған. Көршілерінің айтуынша, Бердалин жалғыз өзі тұрған. Тек жақында ғана үйге егде жастағы әйел адамның кіріп-шығып жүргенін байқаған. Оқиға орын алған күні қорғаушының пәтерінен айғай-шу естіліпті. Оның анасының соққыдан қайтыс болғаны анықталды. Өзі қамауға алынды. 

- "Қатты айғай-шу естілді. Олар пәтерде ұрсып жатты. Оған қоса, ер адамның даусы қатты болатын, соны ғана естідік. Негізі оның психикалық ауытқуы бар деп айтатын. Шынымен де есі дұрыс емес адам секілді айғайлады. Тіпті пәтерінен шығарған кезде ол бір күліп, бір жылап жатты", – дейді күдіктінің көршісі. 

Асқар Мамин Президентке есеп берді
Түркістан облысында түлектер ерекше әрекетке барды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу