Елордадағы көп қабатты үйлердің бірінен ер адамның мәйіті табылды
Елордадағы көпқабатты үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Oinet.kz порталы Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Ресми мәліметтерге сәйкес, 26 мамыр күні "102" пультіне тұрғын үйдің кіреберісіндегі баспалдақта жатқан ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнын қарау барысында сол үйде тұратын 47 жастағы тұрғын аңшы мылтығынан өз-өзіне оқ атқаны анықталған.
Ер адамның мобильдік телефонын қарау барысында қаза болар алдында жазып кеткен хабарламасы табылған. Қаза тапқан азаматтың 2019 жылдан бері ажырасқаны және соңғы уақытта жалғыз тұрғандығы белгілі болды. Оның атына тіркелген "САЙГА-М2" маркалы аңшы мылтығы болған.
Елордалық полиция департаменті мәліметінше, кылмыстық іс аясында қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.