Бейсен Құранбекпен қоштасу рәсімі өтті

Oinet.kz 19-05-2020 4894

Барша халық  танымал тележүргізуші Бейсен Құранбекті соңғы сапарға шығарып салды. Соңғы сапарға шығару рәсімі Талдықорғандағы журналистер үйінде өтті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

news_full1589863914e86b93a5dcd1b401507a2639b2784ff2.jpg

Бейсен Құранбекті соңғы сапарға шығарып салу үшін халық көп жиналды. 

Танымал журналист Нұртілеу Иманғали "Бейсентану" ғылымын қалыптастыруды ұсынып, өзінің естеліктерімен бөлісті. Осылайша қазақ журналистикасын жаңа деңгейге көтеруге болады деп санайды. Журналистің айтуынша, Бейсен Құранбектің өмірлік көзқарастары мен ұстанымдары да - жастар үшін үлгі.

"2004 жылы президенттің жанында бірге жұмыс істедік. Сол кезде мен Бейсеннің еңбекқорлығына тәнті болатынмын. Ол әжесін Астанаға алып келді. Бірақ үлкен кісі елорданы ұнатпағаннан кейін ол шығармашылығын тастап, үйіне қайтты. Сол кезде "Бейсеке, сіздің болашағыңыз керемет, сізді президенттің өзі жақсы таниды, елордада қалсаңызшы",дегенімде, келіспеді. "Апам өмір бақи жанымда болмайды. Ал жұмыс табылады", деді. Бейсеннің даналығына мен әркез таңқалатынмын. Жаның жәннәтта болсын, досым", - деді журналист Александр Аксютиц.

Бейсен Абайұлы 49 жасында дүниеден озды. Марқұм Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында жерленеді.

Шымкентте мұнай зауытының қызметкерлері жаппай індет жұқтырды
«5-10-20» бағдарламасымен кімдер баспана ала алады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу