«5-10-20» бағдарламасымен кімдер баспана ала алады

Oinet.kz 19-05-2020 1229

Табысы 3 күнкөріс минимумына дейінгі азаматтар "5-10-20" бағдарламасы бойынша баспана ала алады, деп мәлімдеді үкіметтегі брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

- Ал табысы төмен, 1 күнкөріс минимумына дейінгі, әр отбасы мүшесіне 31,2 мың теңгеден келетін азаматтар арендалық баспана алады. Табысы 2 күнкөріс минимумына немесе 62,4 мың теңгеге жететіндер баспананы 2-10-20 деген "Бақытты отбасы" бағдарламасымен ала алады, - деді министр.

Министр айтқандай, бұл жердегі басты идея – баспанасы жоқ әрбір қазақстандыққа баспананы өз табысына сай талаптармен алуға мүмкіндік беру.

- Іріктеу қазақстандықтардың әлеуметтік санаттарымен емес, нақты табысы бойынша жүргізіледі. Мәселен, табысы 3 күнкөріс минимумына жететін немесе әр отбасы мүшесіне 96,7 мың теңгеден келетін азаматтар "5-10-20" бағдарламасымен баспана алады. Ал табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда 3,1 күнкөріс минимумынан асатындар екінші деңгейлі банктердің "7-20-25" бағдарламасына қатысады, - деді Атамқұлов.

Бейсен Құранбекпен қоштасу рәсімі өтті
«Елорда карантинге жабылуы мүмкін бе» - Алтай Көлгінов жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу