«Елорда карантинге жабылуы мүмкін бе» - Алтай Көлгінов жауап берді

Oinet.kz 19-05-2020 1357

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан көшелерінде маскасыз, қауіпсіздік ережелерін сақтамай жүрген адамдардың көп екенін жеткізді. Ол егер астаналықтар тәртіпке бағынбайтын болса, қала қатаң режимдегі карантинге қайта оралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы ол жеке Instagram парақшасында жазды. 

image.png

- "Бүгін қаламыздың қос жағалауын жаяу аралап жол жөндеу және абаттандыру жұмыстарын қадағаладым. Байқағанымыз, көшеде халық көп. Кейбіреуі маскасыз, қауіпсіздік ережелерін сақтамай жүр. Төтенше жағдай аяқталғанымен, карантин режимінен әлі бас тартқан жоқпыз. Вирус әлі де бар. Біз тәртіпке бағынбаған ресторандарды жаптық. Автобустарда ережелерді сақтауды күшейттік. Егер тәртіпке бағынбай босаңсып кетсек, қатаң режимдегі карантинге қайтып оралуымыз әбден мүмкін. Сондықтан әрбір тұрғынды жауапкершілікпен қарауға шақырамын", - дейді Алтай Көлгінов. 

image.png

Айта кетейік, 18 мамырдан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтанда екінші деңгейлі банктер, ломбардтар және айырбастау нүктелері, елордада храмдар, балабақшалар мен жаздық кафелер жұмысын бастады. 

«5-10-20» бағдарламасымен кімдер баспана ала алады
Шымкентте қызметкерлеріне төлемақыны дұрыс төлемеген бас дәрігер қызметінен босатылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу