Марат Омаровтың анасы қайтыс болды

Oinet.kz 09-05-2020 3186

Танымал қазақстандық әнші Марат Омаровтың анасы Сұлухан Сұлтанова о дүниеге аттанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

news_full1589017120e4425bcacfbffa682c6cfa4f72fd7ace.jpg

"Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды" деп баласы ән арнаған Сұлухан әжей өмірінің 96 жасында дүние салыпты. 

Бұл туралы Марат Омаровтың қызы Зарина Омарова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазыпты. 

"Бүгін Алланың қалауымен мамыр айының 9 күні асыл әжеміз бақилық болды. Апатайым. сізді жанымдай жақсы көремін. Жатқан жеріңіз жайлы, жаныңыз жәннәтта болсын. Жарқын бейнеңіз мәңгі есімізде", - дейді Зарина Омарова. 

Әншінің өзі анасының қайтыс болғанын растап отыр: кейуана инсульттан көз жұмған. 

Сондай-ақ қарт әжейдің жаназасы 10 мамыр күні Шымкентте болатыны айтылды.

Электр желілері қалпына келтіріліп, үй құрылыстары аяқталды
"BAL-TEKSTIL" кілем фабрикасы Мақтааралға жалпы құны 6 млн теңгелік кілем алып келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу