Электр желілері қалпына келтіріліп, үй құрылыстары аяқталды

Oinet.kz 09-05-2020 1203

Screenshot_1.jpg

Табиғи апат салдарынан 02-мамыр 2020 жылы сағат 15:00 шамасында жаңбыр аралас жел болып Ордабасы ауданы Шұбар ауыл округіне қарасты Аққойлы елді мекенінде орналасқан тұрғын үйлерге (қора қопсымен қоса) едәуір зақым келген және электр жарығы тартылған 3-баған құлап 800 метр электржелілер үзілген болатын.

Аталған жағдайға байланысты, аудандық әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия мүшелері анықтау жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде материалдық шығын көлемі 17 тұрғын үй, 6 қора қопсының шатырларын ішінара ауыстыру керек екені анықталып, демеушілер есебінен тұрғын үйлердің шатырларына (қора қопсымен қоса) қалпына келтіру жұмыстары басталып құрылыс жұмыстарын ерікті жастардың көмегімен жасалынып жатыр.

Қазіргі таңда, «Оңтүстік Жарық» ЖШС-нің мекемесі арқылы Аққойлы елді мекеніндегі үш электр бағанасы мен желілері қалпына келтіріліп, жарық берілді және тұрғындардың үйлерінің құрылысы толығымен  аяқталып үй егелері жайларына қоныстанды.

«Тобырда ақыл жоқ» Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға жауап берді (видео)
Марат Омаровтың анасы қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу