«Тобырда ақыл жоқ» Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға жауап берді (видео)

Oinet.kz 09-05-2020 14225

Өткен аптада танымал эстрада әншісі Айгүл Иманбаева КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына қатысып, өзін шегірткеге теңеген бизнес тренер Ахметбек Нұрсиланы сотқа беретінін мәлімдеген болатын. Сол оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде Айгүл Иманбаеваны қаралаған пікірлер көбейіп кетті. Кеше Айгүл Иманбаеваға өзін қаралағандарға жауап берді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.   

Screenshot_5.jpg

Ютуб арнасында Айгүл Иманбаева адамдарды ғайбат айтпауға шақырды.

- Айтарларыңызды айтып болдыңыздар ма? Енді айқайламай мен айтайын. 

Ия, халық - ұлық, тобыр - былық. Абайдың 17-ші қара сөзінде Пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол - көп. Ендеше көпте, яғни тобырда ақыл жоқ деген. Оны мен емес, Абай атамыз айтып кеткен. Қасиетті Құранда ғайбат айту - өзіңнің туған бауырыңның етін жеумен бірдей деген. 

Көкбет адам жөн-жосықсыз, орынды-орынсыз аузына келгенді айтып байбаламға салатын адам емес пе? Ал, мінезді адам ол бір басқа. Жылқыда да мінез бар. Жуас жылқыны адамдар тек жұмысқа жегеді. Ал, асау жылқы аламанда шабады. Мінезді адам ғана тұлғалыққа бара алады. 

Ия, мен мінездімін, екіжүздімін. Бірінші жүзім - мейірімді, шынайы, ашық. Ал, осы болмысымды аяққа таптағанда мен ғана емес, әр адамның жан айқайы көмекке келсе керек, - деді әнші.

Айгүл Иманбаеваның толық жауабын төмендегі видеодан көре аласыздар: 


Карантиннен кейін Қарақат пен Әбдіжаппардың тойға шығу гонорары белгілі болды
Электр желілері қалпына келтіріліп, үй құрылыстары аяқталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу