Карантиннен кейін Қарақат пен Әбдіжаппардың тойға шығу гонорары белгілі болды
Фейсбук әлеуметтік желісінде Рейтинг.kz арнасының жүргізушісі әншілердің гонорарын анықтап көрді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Карантин кезде тойсыз қалған әншілердің "ставкасы" қазір қанша? Сол бұрынғы қалпында ма әлде өзгерген бе? Жүргізуші танымал әнші Қарақат Әбілдинаға хабарласып көрді. Тұтқаны көтерген әншінің өкілі тойға шығу бағасы 3000 АҚШ доллары екенін айтты. Әнші бұл ақшаға 5 ән айтады.
Ал, жас әнші Нұрболат Абдулин 6000 доллар берсеңіз, тойыңызда ән айтуға дайын. Әншіге 6000 доллардан бөлек барып-қайту билетін, жататын орнын тауып беру керек.
Әбдіжаппар Әлқожа 5000 долларға тойда өнер көрсетеді. 5000 доллардан бөлек, басқа әншілер секілді 2 адамға барып қайту билетін және қонақ үйін төлеу керек.