Бүгін Лениннің туған күні
Бүгін Кеңестік мемлекеттің негізін қалаған Владимир Ильич Лениннің туған күні, деп хабарлайды Oinet.kz.
Көрнекті ресейлік төңкерісшіл, сөзші, пәлсапашы, ленинизмнің негізін жасаушы, большевиктер партиясының құрылтайшыларының бірі 1870 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. Ресей КФСР мен КСРО орнатушысы, Кеңестік Үкіметін басқарушысы (1917 ж. қарашаның 8 бастап РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы, 1922 желтоқсан айынан бастап КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы болған.
Владимир Ильич Ленин Карл Маркс ілімін жалғастырушы. Педагог И.Н. Ульяновтың отбасында туған. Қазан университетінде оқып білім алған (1887). ХХ ғасыр басында эмиграцияда болған. 1903 ж. Ресей большевиктерінің коммунистік партиясының басшыларының бірі болған. 1917 ж. Петроградтағы Қазан төңкерісін басқарған. Кеңестердің Бүкілресейлік 2-сьезінде РКФСР Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы болып сайланған. Көзқарасы бойынша капиталистік құрылымды ауыстыратын, әділетті экономикалық-қоғамды құрылым деп санаған социология теориясының жақтаушысы. Ленин жұмысшылардың білімін жетілдіріп, сауаттандыру ісін партияның маңызды міндеті деп санаған. Оның басты мақсаттарының ішінде бұрынғы жүйенің (сословиялық және кластық) орнына, мемлекет тарапынан қаржыландырылатын жергілікті сайланбалы органдар басқаратын, біркелкі еңбек мектептері қағидасына негізделген, оқу өндірістік еңбекпен біріктірілген халық ағартудың демократиялық жүйесін құруды дұрыс деп атаған. «Жаттау мектебі» мен «үркіту мектебінен» бас тарту мектептің, соның ішінде шетелде жинақталған педагогика теориясы мен практика жиналған жағымды тәжірибеге сүйеніп іске асырылады деген.