Өрт сөндірушінің карточкасына байқаусызда 8 млн доллар аударылып кеткен

Oinet.kz 15-04-2020 1420

Өрт сөндіруші әрі волонтер Чарльз Калвин жақын маңдағы банкоматқа 800 долларын шешіп алу үшін барған. Қанша қаражаты жатқанын тексерген ол есінен танып қала жаздаған. Өйткені оның шотында 8,2 миллион доллар болған. Бұл туралы NBC Chicago басылымы жазды, деп хабарлайды Baq.kz. 

доллар.jpeg

Қомақты қаражатты көрген америкалық азамат өз көзіне өзі сенбей, банкомат қателесіп тұрған шығар деп ойлаумен болған. Осылайша ол карточкасын бірнеше рет тексеріп көрген, дегенмен шотындағы қаражат көлемі өзгеріссіз қалған. 

Өрт сөндірушінің карточкасына абайсызда 8 млн доллар аударылып кеткен

Кейін Калвин банкке қоңырау шалып, мән-жайды түсіндіреді. Банктегілер ол қаражат абайсызда түсіп кеткенін айтып, шотынан ақшаны кері қайтарғандарын жеткізген.

Өрт сөндіруші өзін азда болса миллионер сезіп, бір жасап қалғанын жасырмады. Бірақ банкке қателік орын алғаны тұралы хабарлағанын дұрыс шешім деп ойлайды.

Коронавирус: Елімізде жұқтырғандар саны 1275-ке жетті
Нұр-Сұлтанда кішкентай сәби коронавирус жұқтырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу