Қолма-қол ақшадан коронавирус жұғуы мүмкін бе?

Oinet.kz 26-03-2020 1020

Қазақстан Ұлттық банкі қолма-қол ақша арқылы коронавирус жұқтыру мүмкін бе?, - деген сауалға қатысты жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

2020032611513332269_2020032611152384408_tenge2.jpg

Олар қолма-қол ақшаны пайдаланудан бас тартуға үндемейтінін айтты. Керісінше, банкнот пен монеталарға қарағанда вирус ұзақ сақталатын адамның қолы, есік тұтқалары, кредиттік карта, ұялы телефон қауіпті екені еске салынды.

- Қолымызбен ұстайтын басқа да көптеген зат бар. COVID-19 вирусын жұқтырған банкноттардың айналымда болу ықтималдылығы шамалы. Біріншіден, инкассациядан соң банкноттар бірден айналымға жіберілмейді, сақтауда ұзағырақ болады. Ұлттық банктің ішкі ережелеріне сәйкес, екінші деңгейдегі банктерден алынған қолма-қол ақшаны қайта санау 45 күн ішінде және қайта саналған соң бір жыл сақтауға болады. Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, қазіргі уақытта "вирустың банкнот бетіндегі болуы туралы" ақпарат жоқ. Коронавирустың ұзақ сақталуы бірнеше фактордан тұрады, ол ауа температурасы мен ылғалдылыққа, сондай-ақ заттың материалына байланысты, - деді Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов.

Ұлттық банк кассирлерден және қолма-қол ақшамен тікелей жұмыс істейтін басқа адамдардан ДДСҰ және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің гигиена ережелері мен сақтық шаралары бойынша ұсыныстарын орындауды сұрайды.

- Қолма-қол ақшасыз төлемдерді пайдаланған жөн, бірақ ол біздің кеңесіміз, нақты талап емес. Шынында да қолма-қол ақшасыз төлем түрлері байланысты төмендетеді, сондықтан оның коронавирустың таралуын шектеуде өзіндік рөлі бар. Бұл арада ең бастысы - гигиена ережелерін сақтау, - деп сөзін қорытындылады Жомарт Қажымұратов.

Ролан Ибрагимов қызметінде қала бере ме?
Карантиндегілердің жағдайы қалай – өз аузынан естиік (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу