Өнер өкілдері «Жұлдыздарды жазалаймыз» деген заң күшінен қорқып отыр
"Гарант 24 Ломбардқа" көлігін, үйін қойып үстінен пайда көрмек болған халық енді жапа тармағай аталмыш ломбардтың үстінен арыз жазып, құйғанын қайтарып алу үшін барын салуда. Тіпті, оларңа алданғандар ішінде өнер адамдары да бар. Бұл туралы Ревю жаңалықтарында айтылды, деп хабарлайды Oinet.kz.
- Өз басым келіп үйдегілерге осындай жақсы, біздің халыққа дүние шыққан екен. Тапсырайық, барайық деп мен көндірген болатынмын. Біздің үйдің отбасынан 13 млн ақша кеткен, - дейді әртіс Артур Төлепов.
Қарапайым халық 5 млрд теңге ақшасынан айырылған. Жазықты кім? Жарнамалаған әртістер ме, қарапайым халықтың өзі ме? Неге ашуға булыққан халық бар өшін өнер адамдарынан алғысы келеді.
- Қаржылық сауатсыздығымның тағы да бір дәлелі кеше ғана Гарант 24 Ломбард бүкіл елді зар қақсатып шулатып кетті. Яғни, мен өзім барып, көзбен көріп, естіп жүрген таныстарым содан арзан көлік алып, қымбатқа сатып жүргендігін көзбен көргеннен кейін маған да керемет ұсыныс жасады. Мен енді бардым, жарайды. Сенген жоқпын. Бірақ, маған тақтадан көрсетіп, сызып бергеннен кейін, көзімді жеткізіп болғаннан кейін. Жарайды көлік туралы жарнамаға түсейін деп түстім, - дейді Бағлан Әбдірайымов.
Сондай-ақ, әнші, алданып, сан соғып қалғандардың ішінде жалғыз емес екегдігін айтты.
- Вайнер Мейіржан бар, Асылхан мен Артур Төлепов, Айқын . Балдар да өз көліктерін апарып түсіп қалып отыр. Сондықтан да бұлардың қазір жандары ауырып, бастары қатып, тақырға отырып қалып отыр, - дейді әнші.
Жұлдыздарды жазалаймыз деген заң күшіне енгендігін естіген өнер өкілдері бірден қатаң заң қолданбайтын шығар деп үркіп отыр.