Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Көкшетауда үш әйел ер адамды ұрып-соқты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.
Оқыс оқиға 1 наурыз күні шамамен таңғы сағат 6-да болған.
- Полицейлер 43 жастағы ер адам мен 38, 41 және 42 жастағы үш әйелдің сөзге келіп қалғанын анықтаған. Олардың барлығы кафеде отырған. Кейін олардың арасында жанжал шығып, төбелеске ұласқан. Кафе әкімшілігі төбелес шығарғандарды сыртқы шығарған, - делінген ведомство хабарламасында.
Полицейлердің мәліметінше, әйелдер сол маңда ер адамды соққыға жыққан.
Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.