Мұхтар Жәкішев қамаудан босатылды

Oinet.kz 03-03-2020 1208

Жәкішевтің өзі сот залында болмаған. Ол түрмеден видеобайланысқа шыққан.

2020030312013162717_2020030311460750407_d3rgwopaspeujzgxzkjp.jpg

Бүгін Семейде "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының экс-басшысы Мұхтар Жәкішевтің ісі бойынша сот отырысы өтті. Оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қанағаттандырылды, деп хабарлайды zakon.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

- Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қанағаттандырылатын болады, - деді судья Әлімова.

Бүгін, 3 наурызда осы іс бойынша Семейде сот отырысы өтті.

- Бұл - шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға берілген өтініш бойынша қаралып жатқан үшінші сот ісі. Бұл шешімді қарастырып жатқан сот биліктің маңызды тармағы және қоғамның өкілі деп санаймын ... (..) Мені қолдауға келген көп адамдарды көріп тұрмын. Осы адамдарға және елімнің жалпы қолдауына сүйене отырып, сіз өз сұрақтарыңызға (сотталушының қауіптілігі туралы - ред.) жауап ала аласыз деп ойлаймын. Менің Қазақстан азаматы ретіндегі басты өтінішім - Қазақстан Республикасында қабылданған заңдар маған қолданылса деймін. Прокуратура мен сотқа жолдаған басты өтінішімде де заңды қарауылдамай, оны жүзеге асырайық деген едім, - деді Мұхтар Жәкішев.

Одан кейін Қазатомөнеркәсіптің бұрынғы басшысы жазасын өтеп жатқан колония өкілі сөз сөйледі. Ол сотталушыны жағымды жағынан сипаттап, үлгілі мінез-құлқы үшін жеті рет сыйақы алғанын айтты.

- Біз шартты түрде босатуды мүмкін деп санаймыз, - деді колония өкілі.

13 ақпанда Жәкішев тағы бір рет мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш бергені белгілі болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та оның ісі туралы пікір білдірді. Мемлекет басшысы өз сұқбатында Жәкішев ісіндегі сот шешімі әділ болады деп санайтынын айтқан.

Өнер өкілдері «Жұлдыздарды жазалаймыз» деген заң күшінен қорқып отыр
«Астана» президенттік спорт клубының директоры құрықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу