Президент Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді.
"Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдің бірқатар әлеуметтік және индустриялық нысандарын аралап көріп, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысады", - деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
Сондай-ақ, мемлекет басшысының облыс жұртшылығымен, соның ішінде мұғалімдер қауымымен, еңбек ұжымдарымен, жастар өкілдерімен кездесуі жоспарланып отыр.
Айта кетсек, кеше мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болған еді.