Құрғақ уәдеге құмар әкім
12-04-2023
Мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелеріне қатысты заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Заң жобасының маңыздылығына айрықша назар аударған Нұрлан Нығматулин әсіресе, заң жобасында көрсетілген шағын және орта бизнестен түсетін корпортивтік табыс салығы түсімдерін жергілікті бюджетке беру жайына баса көңіл бөлді.
«Шын мәнінде осы корпоративтік табыс салығын жергілікті бюджетке беру туралы шешім өте орынды, өте қажетті. Енді жергілікті атқарушы органдар түсетін барлық қаржыны халықтың ең маңызды мәселелерін шешуге жұмсау қажет», - деді Мәжіліс төрағасы.
Өз сөзінде қаражат түсті екен деп оңды-солды бағдарламалар ойлап таппай, қаражаттың әрбір азаматтың игілігіне тиімді жұмсалуын қатаң бақылауға алу керектігін атап өтті.
Палата Спикері корпоративтік табыс салығынан түскен қаражат аймақ тынысына серпін беріп қана қоймай, шағын кәсіпкерліктің дамуына да жол ашу керек екенін де айтты.
Талқылау соңында Мәжіліс төрағасы бүгінгі айтылған барлық ұсыныс-пікірлер екінші оқылымға дейін жан-жақты пысықталу керектігін тапсырды.