Алдағы уақытта жеке куәлікті өзіңізбен алып жүрудің қажеті болмайды

Oinet.kz 05-11-2019 3263

Screenshot_6.jpg

Қазақстандықтарға eGov mobile қосымшасындағы жеке куәлікті электронды түрде көрсетуге мүмкіндік беретін қызмет қолжетімді болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған OInet.kz. 

Ендігі қазақстандықтарға жеке куәлігін өзімен бірге алып жүрмеуге болады

Компания мамандары қосымшадағы қосымша қызметтерді дайындады. Құжат Android және iOS платформаларындағы eGov mobile қолданушыларының барлығына қолжетімді. 

«Егер жеке куәлігіңіздің түпнұсқасы өзіңізбен болмаса, оны электронды түрде көрсете аласыз. Ендігі, мысалы, нотариуста құжаттарды рәсімдегенде, eGov mobile қосымшасындағы электронды жеке куәлігіңізді көресетуге болады. Мұнан кейін сізге QR-код арқылы рұқсат беру қызметі ұсынылады. Осылайша, нотариус сіздің құжатыңыздың шынайы екеніне оңай көз жеткізе алады», - деп жазды компания өкілдері Facebook желісінде. 

Қосымшаны дайындаушылардың сөзінше, eGov mobile жұмыста, салық, елшілік және өзге де ведомстволарда көрсету үшін қажетті анықтамалар мен құжаттарды алуға мүмкіндік береді. 

Ол үшін ЭЦҚ болуы және eGov порталындағы жеке кабинетте мобильдік телефон нөмірі тіркелген болуы қажет. Мұнан кейін соталмағаны туралы анықтама; жылжымайтын мүлкінің бар не жоқ екені туралы анықтама; есімін, тегін өзгерткені туралы анықтама; неке туралы және некені бұзу туралы анықтамалар; зейнетақы қорынан үзінді көшірме және басқа да құжаттарды жүктеп алуға болады.

Осылайша, мобильдік қосымшадан қажетті анықтамаларды кез келген уақытта жүктеуге болады. Қолдану қызметі барынша ыңғайлы болуы үшін, «Электрондық үкімет» порталының веб-әзірлеушілері Face ID немесе Touch ID (саусақ таңбасы арқылы қол қою) кіру жүйесін әзірледі. Қайтадан кірген кезде электрондық-цифрлық қолтаңбаны енгізудің қажеті болмайды.

92 мың теңгенің түскі асын ішіп, қашып кетті
Алматыдан 306 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу