Сот орындаушыны ұрған кісі: «Ол мені балағаттаған соң ұрдым»

Oinet.kz 07-10-2021 4720

Алматыдағы сот орындаушысын соққыға жыққан Мақсот Ысқақов есімді азамат мұндай әрекетке амалсыздан барғанын айтады. Бұл туралы Oinet.kz тілшісі Қамшы порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Screenshot_6.jpg

Мақсұт Ысқақовтың сөзінше, ол бір апта бұрын үйі бар саяжай учаскесін сатып алған. Мүлікті сатып алу барысында үйге қатысты ешқандай қиындық болмайтынына көз жеткізген. Коттеджді сатып алғанда сот шешімі туралы білмеген. 

– 4 қазан күні, өзін сот орындаушысымен деп таныстырған Әділ Ермеков және бір жас жігіт келді. Олар маған орындау парағын көрсетті. Мен құжатты қарап, борышкер ретінде мен емес, мүлдем басқа тұлғаның аты-жөні көрсетілгенін айттым. Мен үйді заңды түрде сатып алдым. Құжаттың бәрі бар. Маған және менің мүлігіме қатысты сот шешімі болған жоқ екенін айттым. Бірақ олар мені тыңдағылары келмеді, –  деді Мақсот Ысқақов.

Мақсот бірден оқиға орнына полиция қызметкерлерін шақырғанын, алдымен оқиға орнына патрульдер, содан кейін учаскелік полиция қызметкері келгенін айтты.

– Мен оларға сот шешімі жоқ екенін айттым. Сол кезде сот орындаушысы мен оның көмекшілері менің үйімнің аумағына кіріп кетті. Олар менің қоршауым мен шатырымды бұзуға тырысты. Мен полиция қызметкерлерінен менің аумағымнан бөтен адамдарды шығаруды өтіндім. Олардың жұмысына кедергі жасауға тырыстым, бірақ олар мені итеріп, қолдарымды бұрай бастады. Менде бұған дәлел бар, мен медициналық тексеруден өттім, – деді ол. 

Ысқақов сот орындаушысы тарапынан дөрекілік көрсетілгеннен кейін күш қолдануға мәжбүр болдым дейді. 


– Мені "үш әріпке" жібергенде, өзімді ұстай алмай қалдым. Сонымен қатар, шарасыз болдым. Полиция қызметкерлері маған көмектесуге тырыспады. Маған қарсы 10 адам болды, содан кейін менің өкілдерім келді. Мен кезекші прокурорды шақырдым, бірақ  ол келуден бас тартты. Содан кейін оқиға орнына АІІБ басшысының орынбасары келді, – деді Мақсот. 

Үй иесі боксшы Жанқош Тұраровтың қақтығысқа қатысуы туралы да түсінік берді. Оның айтуынша, Тұраров осы үйдің бұрынғы иесінің туысы болған. Осы кезде оның тәтесі үйде болған. Алайда боксшы  күш қолданбаған және қақтығысқа белсенді қатыспаған. 

Ысқақов өз кезегінде полицияға жеке сот орындаушысы мен оның көмекшілерінің әрекеттеріне арыз жазған. Ол өзін кінәлі деп санамайды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы талқыланды
«Тәкаппарлық танытты» - Куәгер Алматыда соққыға жығылған сот орындаушысы туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу