Ақмолада «Volunteer.KZ» облыстық форумы өтті

Oinet.kz 24-10-2019 901

Ақмолада «Volunteer.KZ» облыстық форумы өтті

Ақмола облысының Степногор қаласында Еріктілер жылы қарсаңында олардың белсенділігін арттыру мақсатында «Volunteer.KZ» облыстық форумы өтті, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Олар өздерінің қызметі идеясын, қайырымдылықты және азаматтық бастама белсенділігін арттыруға бағытталған шараға облыстың әрі өңірінен жиналған 200 делегат қатысты. Жиналғандар алдында қала басшысы Еркебұлан Баяхметов сөз сөйлеп, бүгінгі қоғам үшін еріктілер жұмысының маңыздылығына тоқталды. 

«Бүгінгі жастар – халықтың ұйымдасқан, белсенді тобы, жаңа идеялардың қозғалтқышы, қоғамның өмірлік күші мен қуат көзі болып табылады. Жастар еліміздің келешегі ғана емес, бүгінгісі», - деді қала әкімі Е. Баяхметов.

«Женский Луч» ҚБ директоры Оксана Волкова-Михальская, «Десантное братство» ҚБ директоры Владимир Советов, «Балапан» ҚБ директоры Евгения Овчинникова, «Zhas Urpak» бастамашыл топтың төрағасы Зарина Сәлімова, «Таңшолпан» қалалық балалар мен жасөспірімдер» ҚБ өкілі Милана Ломакина, Кристина Коваленко өз ойларын ортаға салды. 

«Volunteer.KZ» форумына қатысушылар үшін «Степногорск – жарқын қала!» атты экскурсия ұйымдастырылды. Форумның соңы концерттік бағдарламаға ұласып, үздік қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.

Бір жастан енді асқан сәби 5 ине жұтып қойған
«Президенттік Жастар кадр резервіне» шетелде жүрген 46 қазақстандық қатысуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу