Бір жастан енді асқан сәби 5 ине жұтып қойған
Қарағандыда бір жарым жастағы қыз ине терапиясы үшін қолданатын 5 инені жұтып қойған, деп хабарлайды «Хабар 24» сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.
Ата-анасы еденде шашылып жатқан инелерді көріп, баланың мазасыз күйіне назар аударған. Дәрігерлер шұғыл операция жасап үлгерген. Хирург дәрігерлер нәрестенің асқазанынан 3 және ішектен 2 ине алып шыққан. Операция сәтті жасалып, қазір бала үйіне шығарылды.
Биыл экдоскопист мамандар кәмелетке толмаған балалардың түрлі заттарды жұтуына байланысты 50-ден астам операция жасағандарын мәлімдеді. Оның ішінде тиын, шеге, батарейка, түйреуіштер бар.
Сондай-ақ осы жылы дәрігерлер ине жұтқан 14 жастағы қызға және бір жарым жасар сәбиге операция жасаған.