Ақмола облысына Ауғанстаннан жеткізілгендерге қандай жағдай жасалды?

Oinet.kz 23-09-2021

Ауғанстаннан келген төрт отбасы, жалпы 35 адам Ақмола облысына қоныстанды, деп хабарлайды kokshe.

image.png

Бір отбасына Көкшетаудан үй берілген, қалғаны Бурабай, Сандықтау, Атбасар аудандарына орналасқан. Сондай-ақ Ауғанстаннан қоныстанғандарға бір реттік әлеуметтік көмек беріледі. 

- "Үйде барлық жағдай жасалған. Жиһазы бар. Отандастарымызды тұрақты жұмысқа орналастырамыз. Балаларын қазақ мектебіне береміз", - дейді Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Қуаныш Өмірзақ. 

Ал облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Дина Ахметжанованың сөзінше, Ауғанстаннан келгендерге "Еңбек" бағдарламасы аясында 70 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі көмек беріледі. Бұл шамамен 204 мың теңге. Одан бөлек, бір жыл бойы ай сайын пәтер ақысы мен коммуналдық қызметтер үшін 15-30 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі көмек беріледі. 

Басылым мәліметінше, тәуелсіздік жылдары Ақмола облысына шамамен 9 мың қандас келген. Оның ішінде тек Ауғанстан емес, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан мен Қытайдан келгендер бар. 

Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
Тоқаев 12 жастағы ақтаулық спортшының өнеріне тәнті болып, арқасынан қақты (видео)


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×