Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындалды
05-09-2023
Танымал заңгер Айгүл Орынбектің айтуынша, өзгеріс қантөгіссіз келмейді. Мұны тарихтың өзі дәлелдеген. Сол себепті де ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елге сырттан әскер кіргізгенін қолдайтынын жеткізді. Бұл туралы заңгер Facebook парақшасында жазды.
"Көрші Ресей мен Беларустарды алайықшы… Халқы айлап алаңда тұрып, таяқ жеп билікті ауыстыра алмай отқан жоқ па? Беларус елінде бейбіт митинг кезінде қаншама адам өліп, қаншамасы жоғалып, әлі күнге табылмаған! Қыздарын тырдай жалаңаш шешіндіріп, мұздай камерада ұстап, біразы қамалып кеткен! Осыншама қан төгіс бола тұра, ешқандай нәтиже шығара алмағандарына Беларустар күйіп отыр!
Екі күннен бері көрші елдердің белсенділерін ерінбей зерттеп, жіті оқып шықтым. Өзімнің ұлтым үшін, айқайлап мақтанғым келді!
Президентке “атуға рұқсат берді”, “өзгелердің армиясын елге кіргізді”-деп неге өкпелейсіңдер? Бүтін бір елді сәләфиттердің қолына беріп, өз Отанынан басқалары сияқты қашып кеткенде не болар еді? Иә, бес жыл ішінде қара жамылып, Ауғанстан болып шыға келер едік! Тіпті оны ойлаудың өзі қорқынышты!
Біріншіден, Президент “бейбіт халыққа оқ атыңдар “, -деп рұқсат берген жоқ! Тек Халыққа тікелей қауіп төндіріп тұрған террористерді атуға рұқсат берді! Себебі, ҰҚК-ның экс-төрағасы Мәсімов Президентке “жиырма мың содыр алаңда жүр”- деп жалған ақпарат беруі әбден мүмкін еді!
“Жиырма мың террорист қайда?”- деп сұрап не керек?!
Расында… Қәзір террористтерді түгендейтін уақыт емес, билікті басып алғысы келген және соған көмек берген біраз қызметтегі адамдарды тауып, оларды қатаң жазалау керек! Бейбіт халықтың қаны - солардың мойнында!
ОКДБ әскерін он күн ұстап, елден шығарып жібергені - мемлекетіміздің абыройын одан сайын көтеріп жіберді! Мерейін өсірді, өктемдігін көрсетті. “Ресейдің құрамына кіріп кететін болды” деп анадайдан тон пішіп отырған Америка мен Еуроодаққа кәдімгідей жүйке соққысы болды деп ойлаймын!
Бұл қадам - біздің Президенттің мықты дипломат екенінің тағы бір дәлелі! Жоғарыда отырғанның бәрі жаман деген көзқарастан арылу керек! Елге адал қызмет жасап отырған ер-азаматтар да бар! Өз қызметтеріне адал, іштей күйініп болса да ұлттың тағдыры мен ертеңгі болашағы үшін аянбай қызмет жасап жүрген азаматтарға мүмкіндік беріп, жол ашайық!
Екі жүз елу адамның қаны босқа төгілмеді! Қанмен келген Жаңа Қазақстанның болашағы үшін - СІЗ бен БІЗ жұмыла жұдырықтай, бірігіп жұмыс істейік!" - деп жазды Айгүл Орынбек.