Шымкент қаласының энергия кәсіпорындары бойынша жедел ақпарат

Oinet.kz 18-01-2022 641

Screenshot_5.jpg

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті Шымкент қаласының энергия кәсіпорындары штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлайды. Электр энергиясын тұтынушылар толық көлемде жабдықталған. Ағымдағы жылғы 18 қаңтардағы жедел ақпаратқа сәйкес электр энергиясын ажыратылған тұтынушылар жоқ.

Сондай-ақ, 2022 жылғы 18 қаңтардағы жағдай бойынша жедел ақпаратқа сәйкес: «3-Энергоорталық» АҚ – да электр энергиясын өндіру 138 МВт құрайды және жұмыста № 2,3 - қазандық және № 1,2 - турбина. 

Сонымен қатар, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС энергия беруші ұйымдары мен «KEGOС» АҚ «Оңтүстік жүйеаралық электр желілері» филиалы авариясыз режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлаймыз.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында атқарылатын жұмыстарды түсіндіру
Танымал заңгер Президент Тоқаевтың неге атуға рұқсат бергенін түсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу