Тоқаев 12 жастағы ақтаулық спортшының өнеріне тәнті болып, арқасынан қақты (видео)
Маңғыстау облысына іссапармен барған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті жас спортшылармен кездесіп, 12 жасында спорт шеберлігіне үміткер атанған Нұрасыл есімді жас талантқа тәнті болды, деп хабарлайды Oinet.kz.
Президент Ақтауда салынған заманауи "Халық Арена" спорт кешенінде талантты жастармен кездесті. Кездесу барысында президент 12 жасында спорт шеберлігіне үміткер атанған жеткіншектің жетістігіне риза болды.
- "12-де ғана. Спорт шеберлігіне үміткер. Мен өмір бойы үстел теннисімен шұғылдандым. Мен де спорт шеберлігіне үміткермін. Әрең-әрең жеттім. Табысты болыңыздар", - деп мемлекет басшысы жас спортшының қолын алды.
Айта кетелік, кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы боксшы, Олимпиада жүлдегері Әділбек Ниязымбетовке өз қолтаңбасын қалдырды.