Ердоған: Түркия енді босқындарды қабылдай алмайды

Oinet.kz 23-09-2021 745

Ауған босқындарына қай мемлекет баспана беруге дайын? Вакцинаны әлем елдеріне әділ үлестіру мәселесі қашан шешіледі? Аргентинада жүздеген адам билікке шағымданып, шеруге шықты. Олар қандай талап қойды? Түркия бұдан былай босқындарды қабылдай алмайды. Біріккен ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясының мінберінен сөйлеген Режеп Тайып Ердоған осылай деді. 

image.png

Түркия президенті Ауғанстан тағдырына бей-жай қарап отырмайтынын айтып, осы елдің халқына өз қолдауын білдірді. Түрік басшысының айтуынша, әлемдік қауымдастық 1951 жылғы Женева конвенциясы мен халықаралық гуманитарлық құқықты бұзып, көмекке мұқтаж азаматтарды қабылдаудан бас тартатындарды қатаң айыптауы керек.

- Ауғанстандағы ахуалға байланысты бізде осы елден ағылған босқындар легіне қатысты мәселелер бар. Сирия дағдарысы кезінде мыңдаған адамның өмірін құтқарған ел ретінде біз енді миграцияның тағы бір толқынына төтеп бере алмаймыз. Сондықтан мүдделі тараптар үшін осы істе жауапкершілік танытатын кез келді - деді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Тоқаев 12 жастағы ақтаулық спортшының өнеріне тәнті болып, арқасынан қақты (видео)
Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза болды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу