Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза болды (видео)

Oinet.kz 23-09-2021 2335

Жамбыл облысындағы тас жолда жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан алты адам қайтыс болып, тағы екеуі аруханаға жеткізілді деп хабарлайды Polisia.kz.

image.png

Басылымның мәліметінше, оқыс оқиға 23 қыркүйек күні сағат 06:00 шамасында Байзақ ауданының территориясында болған. 

"Алматы-Ташкент" тас жолының 476 шақырымында Audi-А4 және Toyota Camry маркалы екі көлік соқтығысқан. 

Салдарынан 6 адам оқиға орнында қайтыс болған. Toyota Camry көлігінің екі жолаушысы түрлі жарақаттарымен емдеу мекемелеріне жеткізілген. 

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жол-көлік оқиғасына не себеп болғаны анықталуда, тиісті сараптамалар тағайындалған. 

Ердоған: Түркия енді босқындарды қабылдай алмайды
Шымкентте қысқаметражды фильмдер фестивалінің үздіктері анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу