«Президенттік Жастар кадр резервіне» шетелде жүрген 46 қазақстандық қатысуда

Oinet.kz 24-10-2019 1299

Шетелде жүрген 46 қазақстандық Президенттің кадр резервіне қатысып жатыр

«Президенттік Жастар кадр резервіне» іріктеу барысы туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова айтып берді, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта іріктеудің барлық рәсімдері қатаң түрде Президент Жарлығымен бекітілген резервті қалыптастыру қағидаларына сәйкес өтуде. Іріктеуге қатысу үшін бастапқы тіркеуден 13 212 адам өтті, оның 7 312-сі тіркеу рәсімін толық аяқтады. Үміткерлер ішінде шет елдерде жүрген Қазақстанның 46 азаматы бар. Елден тыс жерде жүрген азаматтар ішінде ең үлкен өкілдік АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Түркия елдерінен болып отыр», - деді А. Жайылғанова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Қазіргі уақытта қатысушылардың құжаттарын қабылдау, тестілеу және қабілетті тексеру сынды іріктеудің бастапқы 3 кезеңі аяқталды. 

Төртінші кезеңде сарапшылармен сұхбат өтеді. Оған алдыңғы кезеңдерде үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар жіберіледі. Одан кейін Президент Әкімшілігі құратын комиссия іріктеудің алдыңғы кезеңдерінен табысты өткен әрбір үміткермен жеке әңгімелеседі. Соның қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия ең жоғары балл жинаған кандидаттарды Президенттік жастар резервіне қабылдау туралы шешім қабылдайды.


Ақмолада «Volunteer.KZ» облыстық форумы өтті
Елордада жалған ақша тарауда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу