Шымкент қаласының Қаратау ауданына жаңа әкім тағайындалды
Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясында Қаратау ауданының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Сессия отырысында депутаттар Қаратау ауданының әкімі лауазымына Абаев Алмас Емельтайұлының кандидатурасын бір ауыздан қолдады.
Абаев Алмас Емельтайұлы 1990 жылы 11 желтоқсанда ШҚО, Аягөз қаласында дүниеге келген.
9-сыныпты бітіргеннен кейін Р. Байсейітова атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінде қаржы мамандығын бітірген.
2014 жылы "Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университеті" ЖОО-ның Экономика және бизнес факультетінің "қаржы" мамандығы бойынша бакалаврын алған.
2016 жылы "Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университеті" ЖОО-ның Құқық факультетінің "құқықтану" мамандығы бойынша бакалаврын алған.
2020 жылы "Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университеті" ЖОО-ның тарих мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрі.
Еңбек жолы:
2010-2011 жж. ПВХ РМК" Еңбек-Ақмола " филиалында Мемлекеттік сатып алу бойынша маман;
2011-2012 жж. Мемлекеттік сатып алу және маркетинг бөлімі - "Еңбек" РМК жетекші маман;
2012 - 2014 жж. КазГЮИУ Студенті;
2012 - 2012 жж. "Қазақ орталығы" АҚ ТКШ-нің жаңғырту және дамыту бөлімінің жетекші маманы;
2012 - 2013 жж. в/с 5571 сарбаз;
2013 - 2013 жж. "Степнагорск қаласының құрылыс бөлімі" ММ әдіскер, іс-жүргізушісі;
2014 - 2014 жж. ҚР ҚАЖК "ЕЦ-166/1 мекемесі" РММ тылдық қамтамасыз ету инженері;
2014-2015 жж. "ЕЦ-166/1 мекемесі" РММ ҚР ІІМ ҚАЖК тылдық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы;
2015 - 2016 жж. "Даму ЛТД" ЖШС директорының орынбасары;
2016 - 2018 жж. Астана қаласы коммуналдық шаруашылық және мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы; 2018-2020 жж. Астана қаласы коммуналдық шаруашылық және мемлекеттік сатып алу басқармасы бөлімінің басшысы;
2020 - 2021 жж. ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторлар департаменті директорының орынбасары;
2021 - 2022 жж. Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары;
2022 - 2022 жж. Астана қаласы активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары;