Қорытынды кездесу Ленгірде өтті
Төлеби ауданы тұрғындарымен үшінші тоқсанның қорытынды кездесуі - аудан орталығы Ленгір қаласында өтті. Бұл туралы Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Әкім кездесу қорытындылары бойынша атқарылған жұмыстарын баяндады.
• Қаланың ішкі көшелерінің 98,5 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. 2022 жылы аудандық бюджет есебінен ұзындығы 6,385 шақырымды құрайтын екі көшеге асфальт төселіп, 11 көше ағымдағы жөндеуден өтті. 2023 жылдың қаржыландыру жоспарына жалпы ұзындығы 10,61 шақырымды құрайтын 16 көшені орта жөндеуден өткізу ұсынылуда.
• Аудан орталығында 7392 абонент ауыз су құбырына қосылған. Сапалы ауыз су жеткізу үшін Көктерек су тазалау имаратының құрылыс–монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Ал, Достық елді мекеніндегі №1, №4, №5 су ұңғымалары ағымдағы жөндеуден өтті. Астана көшесіне ауыз су құбыры жүргізіліп, қаланың бірнеше көшелерінің ауыз су құбыры жөнделді. №1, №2 КТИ кәріз тазалау имаратында жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Көктерек» бұлақ көзі қаптаждалып, №5 су жинақтаушы қалпына келтірілді.
• Ленгір қаласының Күмістөбе, Кенші көшелеріне газ құбыры тартылып, құрылыс-монтаждау жұмыстары толығымен аяқталды. Таскешу және Сәулембаев көшелеріне жыл соңына дейін табиғи газ қосу жоспарлануда.
Аудан орталығында 2022 жылы жүзеге асып жатқан жобалар:
• 80 орындықты оқушылар үйінің құрылысы басталды.
• №6 жалпы орта мектебі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
• І мөлтек ауданда 3 көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне ұсынылады.
• «Алатау» мөлтек ауданында электр қосалқы станциясы салынады.
• І мөлтек аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен Тәуелсіздік, Шатқал саябақтары абаттандырылады.
• №3 кәріз тазалау ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізіледі.
• Алатау мөлтек ауданындағы және І мөлтек аудан мен Киелітас елді мекені шекарасындағы жаңа массивтерге инженерлік-коммуникация жүйелері құрылысы жүргізілуде.
• Астана көшесінің 3,1 шақырымы жөнделіп, Самал және Алатау мөлтек ауданының 2,4 шақырымына тас төселді.
• Төлеби көшесі бойына Арбат салынып, қала аумағына 28 қоқыс жәшігі қойылды.
• Ащы көшесі асфальт төселіп, С.Сәулембаев, Е.Сәуірбайұлы, Қ.Ешенқұлұлы, Жамбыл, Қ.Тыныбеков көшелеріне түнгі жарықтандыру орнатылады.
• І мөлтек ауданының Киелітас бағытының қиылысына, Төлеби, Оқжетпес көшелеріне бағдаршам қойылды.
Екінші тоқсанда өткен кездесу барысында көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар барысы:
• Қазығұрт, Самал, Алатау мөлтек аудандарындағы көшелерге атау беру бойынша ономастикалық комиссияға ұсыныстар енгізілді.
• Қазығұрт мөлтек ауданының 2,0 шақырымына электр желілер тартылып, 56 бағана орнатылуда.
• Автобекет маңындағы ретсіз сауда нүктелері алынды.
• «Шатқалды» абаттандыру жұмыстарын «ПМК-7» ЖШС атқаруда. Бұған қоса, шатқалда «Этноауыл» жобасын мердігер «Décor Service» ЖШС-і жүргізуде.
• Қала аумағындағы түнгі жарық шамдары 24:00-ге дейін қосылуда.
• І мөлтек ауданға 9 ойын алаңшасы қойылып, бейнебақылау камераларын, жарықтандыру, жол жиектерін кеңейту, автотұрақ салынады.
• №3 жалпы орта мектеп маңына қосымша 57 газ құбыры, 1 ШРП қойылып, сол маңдағы тұрғын үйлердің табиғи газ қысымын ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
• А.Байтұрсынов көшесіндегі балалар ойын алаңшасы жөндеуден өтеді.
• Төлеби және Ә.Бектаев көшелерінің қиылысындағы бағдаршам маңы қалыпқа келтірілді.
• Қазыбек би көшесінің №99, №101, №105 үйлердің аулалары асфальттанды.
• І мөлтек аудандағы бағдаршамға дыбыстық белгілер қойылды.
• Қалалық емхананың алдына қоғамдық көлік бұрылатын орнына асфальт төселіп, аялдама қойылады.
• Қ.Дүйсемұратұлы көшесіндегі екі қабатты тұрғын үйлер ауласына балалар ойын алаңшасын орнату жоспарда қаралған.
Кездесу барысында тұрғындар «Ардагерлер үйінен» ине егу бөлмесін іске қосуды ұсынып, жаяу жүргіншілерге арналған тратуардың ұстап жүретін қондырғысының сынып кеткеніне шағымданды. Алатау мөлтек ауданының көшелеріне асфальт төсеп, балалардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін саябақтарды абаттандыруды сұранды. Ардагерлер демалыс орындарына берілетін жолдама санын көбейтуді және кезегі жөнінде мәліметтің қолжетімді болуын өтінді. Жамбыл көшесіне асфальт төсеу қажет болса, Достық көшесінің тұрғындары аяқ жол құрылысын жүргізу қажеттігін айтты. А.Байтұрсынов көшесін жөндеп, І мөлтек аудан бойынша патрульдік полиция қызметкерлерінің рейдтік іс-шара жүргізіп отыруын өтінді.
Тұрғындардың көкейінде жүрген сауалдарға заң шеңберінде жауаптар беріліп, көтерілген мәселелер кезеңімен шешімін табатынын түсіндірдім.