Арыстың әкімі Ақдала тұрғындарымен кездесті

Oinet.kz 05-10-2022 565

37.jpg

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова Ақдала ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. С.Ерубаев атындағы мектепте өткен жиын сұрақ-жауап форматында ұйымдастырылды. 

Алдымен қала әкімі Гүлжан Мамытқызы атқарылған жұмыстар мен жоспарланған шаруаларды қысқаша баяндап өтті. Содан кейін ауыл тұрғындарының сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

Соның бірі – ауылды ағын сумен қамтитын АК-1 каналының жай-күйіне қатысты мәселе болды. Әкім алдағы уақытта аталған каналға күрделі жөндеу жүргізілетінін айтып, көнекөз қариялар ауыл іргесіндегі ескі арық-атыздарды жобасын көрсетсе, оларды жаңарта отырып, суды үнемді пайдалану мәселесін жергілікті билік өкілдерімен кеңесе отырып, шұғыл шешуді тапсырды.

Сол сияқты жиында тұрғындар Дермене мен Арыс арасында қатынайтын қоғамдық көліктегі қозғалыс кестесінің уақытына өзгеріс енгізуді сұрады. Бұл мәселе де халықтың сұранысына орай, сәйкестендірілетін болды. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы Жарлығына орай, осы күндері қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың Арыс қаласы мен ауылдық округ тұрғындарымен кездесуі өтуде. Алдын ала бекітілген кесте бойынша мұндай шаралар апта соңына дейін жалғасады деп жоспарланған.


Тұрғындардың талап-тілегі ескерусіз қалмайды
Ұстазым, саған мың алғыс!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу