Мақтааралда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Oinet.kz 27-09-2022 310

33.jpg

Мақтаарал ауданында аудандық прокуратураның бастамасымен және аудан әкімдігі, аудандық пробация қыметінің ұйымдастыруымен пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары бойынша жәрмеңке өтті. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, аудан прокуратурасының прокуроры Жеңіс Cәрсенбай, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мырза Мұса, аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Мұхтар Әжіқабыловтар қатысты. 

Жәрмеңкеде "Еңбек" порталында жарияланған тұрақты бос жұмыс орындары мен Ұлттық жоба аясындағы еңбек бағыты арқылы уақытша жұмыс орындары ұсынылып, басшылық тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған азаматтардың сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар берілді. 

Айта кетейік, жәрмеңкенің соңында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардарды 2022 жылға белгіленген квотамен жұмысқа орналастыру және пробация қызметінің 2022 жылдың тоқсандық есебі бойынша атқарылған жұмыстарының қорытындысы туралы отырыс өтті.


Қарттар күнінде қайырымдылық шаралары өтті
Шардара: Қарттар құрметке бөленді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу