Түлкібаста 673 жер теліміне инфрақұрылым жүргізілуде

Oinet.kz 22-09-2022 315

Screenshot_1.png

Биыл Түлкібас ауданына қарасты  Балықты ауылдық округімен Састөбе және Түлкібас кенттерінің шегінен жер кезегіндегі тұрғындардың өтінішін қанағаттандыру мақсатында 673 жер теліміне қажетті инфрақұрылым жүргізу жұмыстары қарқынды іске асуда. Атап айтатын болсақ, аталмыш үш елді мекендегі бөлінген жерлерге биылғы жылы электр бағаналарын орнату жұмыстары толығымен аяқталмақ. Су жүйесін жүргізу мәселесі бойынша қазіргі таңда Балықты ауылдық округіндегі 53,8 га жердің (396 жер телімі) 75 пайызы, Түлкібас кентінде 34,6 га жердің (127 жер телімі) 60 пайызы аяқталып отыр. Ал қалған жұмыстар келесі жылға өтпелі.

Сонымен қатар, көп қабатты тұрғын үйлер түсетін Түлкібас пен Састөбе кентінде заманауи кәріздік сорғы станциясымен кәріздік суларды тазалау орындарының құрылысы қарқынды жүруде. Биылғы жылы Састөбе кентіндегі кәріздік жүйе құрылысы толығымен аяқталуы жоспарлануда. Ал, Түлкібас кентіндегі кәріздік жүйе құрылысы келесі жылға өтпелі. Аталмыш кәріздік жүйенің ерекшелігі тұрғындар пайдаланған кәріз суын қайта өндеп, өнделген таза суды егін суғару мен балық шаруашылығына пайдалануға болады дейді мамандар. 

Әлеуметтік желі - халық пен әкімді байланыстыратын көпір
Ауыл кітапханалары түрленіп келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу