«Е-өтініш» жобасы тиімділігін көрсетуде
Бір терезе қағидаты бойынша елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен “Е-Нәтиже” жобасы жүзеге асуда. Аталған бастама осы жылдың мамыр айында пилоттық режимде іске қосылған болатын. Мақсат мемлекеттік қызметтердің тұрғындарға қолжетімділігін арттыру. Қазірде шараның игілігін Түркістан қаласы мен Отырар ауданының тұрғындары көріп отыр.
Пилоттық жоба басталғанға дейін «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіне 1246 өтініш түскен. Ал пилоттық кезеңде мұның үлесі тағы 100-ге артыпты. Яғни, өтініштер үлесі 11,4 пайызға өскен. Мұнда тұрғындардың басым бөлігі жер қатынастары, тұрғын үй мәселесіне қатысты жиі көмек сұрап келеді. Одан өзге, әлеуметтік жәрдем қызметіне жүгінетін азаматтар саны басым.
"Арыздар халықтан келіп тұратын жер кезегінен бастап балабақшаға жолдама ала алмай жатырмын деп. Содан кейін электр желілері, жердің мәселелері туралы мысалы 20 мәселе болса сонда 2-3 қызметі мемлекеттік қызметтерге қатысты да. Енді оны халыққа түсіндіріп жатырмыз. Ол мәселелерді ара жігін ажыратып бөлек жазу керек та. Мемлекеттік қызмет болған соң оның қарау аранйы тәртібі бөлек",- дейдіТүркістан облысы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев.
Бүгінде Түркістандағы халықтық кеңседе әкімдіктің 7 қызметкері жұмыс істейді. Олар күніне орта есеппен 65 адамға қызмет көрсетеді. Ал, Отырар ауданында пилоттық жоба басталғалы бері 450 азамат кеңсе көмегіне жүгініпті.
"Арыз шағымдардың ішінде азаматтар мемлекеттік қызметтер бойынша өтініш ретінде тапсырып жатыр. Бұл негізі дұрыс емес. азаматтарға осы жерде түсіндіріп өту қажет. Мемлекеттік қызметтерді жеке сол жерде отырған халыққа қызмет көрсету орталығында отырған мамандарына тапсыру қажет. Ал өздерінің өтініш арыз шағымдарын е-өтініш ақпараттық жүйесі арқылы тапсыру қажет",- дейді Түркістан облысы әкімі аппараты өтініштердің қаралуын бақылау бөлімінің басшысы Қуаныш Құрбанов.
Ал салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, Отырар ауданында қаралған өтініштер саны Түркістанмен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Бұл бір жағынан тұрғын санының аздығына байланысты болса, екіншіден түйіткілді мәселелердің азайғанын көрсетеді.