«Иірсу» ауылына газ тартылып жатыр

Oinet.kz 16-09-2022 316

Screenshot_26.png

Түлкібастағы «Иірсу»  ауылына газ тартылып жатыр. Бұл аудандағы көгілдір отыны жоқ жалғыз елді мекен болатын. Жұмыс бітсе аудан халқы жыл соңына дейін 100 пайыз көгілдір отынмен қамтамасыз етілетін болады. Құбыр тарту жұмыстары қазанда бітіп, ел көгілдір отынның игілігін көрмек. Құрылыс құзырлы орган өкілдерінің жіті бақылауына алынған. 

Бақыт Мұратбеков «Иірсу» ауылның тумасы. Жастайынан төрт түліктің ішінде өскен ол ата кәсіпті жалғап келеді.Қиналған кезде өзгелер сияқты қалаға көшіп кеткім де келді. Алайда кәсіпке деген адалдық жібермеді. Оған қоса таудың тұмса табиғаты мен таза ауасын да қимадым. Ауылға газ келеді дегенді естігенде шын қуандым, дейді ол.

Нарман Садырбеков жетекшілік ететін мектепте бір кездері 30-40 шақты бала оқитын. Қазір бала санының аздығына байланысты бастауыш мектеп болып қалған. Ауылға көгілдір отын берілсе жұрт қайта келіп қоныстанып, бала санының артатынына сенімді.

Жоңғар Ала тауының ең биік жерінде орналасқан ауыл халқының негізгі күн көріс көзі мал мен егін егу. Алақан жайып қарап отырғаны ешкім жоқ. «Иірсу» табиғаты тамаша туризмге де қолайлы аймақ. Ауыл тұрғындары енді байланыс мәселесі шешілсе деген тілектері бар. Бір кездері шаруасы шалқыған ауылда қазір не бәрі 20 шақты үй қалыпты. Дегенмен жергілікті билік ауылдың келешегі барын ескеріп коммуналдық қызметтің барлық түрін жеткізіп берген. Енді газ берілмек.

«Иірсу» ауылына газ тарту үшін былтыр республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлінген. Оған төмендегі магистралдан тауды қазып биіккке қарай құбыр тартылған. Енді ішкі жүйе қалыпты. Жұмыс жақын арада бітсе ауылдағы 26  үй мен 4 коммуналдық кәсіпорынға газ беріледі. Сонда аудан халқы 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылады, дейді мамандар.  

Түркістанда іскер әйелдер форумы өтті
Түлкібаста 3 мың гектардан астам жерге алма бауы егілген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу