Мүмкіндігі шектеусіз суретші
Қоғамда әділеттілік орнап, әлеуметтік әлсіз топтарға көмек көрсетіледі. Мүмкіндігі шектеулі жандар да назардан тыс қалмайды. Бұл Мемлекет басшысының өткен жолдаудағы алғы сөзі. Дегенмен, осы уақытқа дейін талайды таң қалдырып, елдің назарында жүрген мүгедектігі бар азаматтар да жоқ емес. Солардың бірі Сайрамдық Атабек Бекболатов. Ол бала кезінен айналасына тіл қатпаса да, қаламмен үн қататын қасиетке ие.
Атабек Бекболатов Түркістан облысы, Сайрам ауданының тумасы. 27 жастағы жігіт Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов университетінің студенті. Бүгінде ол «кесіндеме» мамандығы бойынша соңғы курсты оқып жүр. Ұстазы болса, шәкіртінің ерекше стилімен өзгешеленетінін айтады.
"Атабектің бейнелеуден бөлек, зергерлік те қасиеті бар. Ағаштан ою ою да оған таңсық емес екен. Жан-жақты жігіт бүгінде түске дейін білім алып, осыдан соң қосымша жеке жұмыстарын қатар алып жүр. Әлемі бөлек Атабектің болашағынан ұстаздары да зор үміт күтеді",- дейді М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің "Бейнелеу өнері және дизаин" кафедрасының меңгерушісі Дәулет Болысбаев.
Суретшінің бүгінге дейін жеткен жетістіктері де аз емес. Оның туындылары осы уақытқа дейін түрлі халықаралық, республикалық көрмелерде жүлделі орынға ие болған. Ал, 2021 жылы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атыныпты.