Түркістанда тұрғын үй жәрменкесі өтті

Oinet.kz 13-09-2022 250

Screenshot_21.png

Баспананың құны шарықтап тұрғанда, кез-келген адам үйлі болуды қалтасы көтере бермейтіні айқын. Алайда, мемлекет басшысы халықты баспанамен қамтамасыз етудің тиімді жолдарын ұсынып келеді. Айталық «Отбасы банк» арқылы алғашқы жарна құйып жаңа пәтер алуға мүмкіндіктер жетерлік. Ол үшін не істеу қажет? Жаңа баспананың кілтін оңай әрі тез алу үшін қандай құжаттар жинау керек? Бұл сұрақтардың жауабын Түркістандықтар «Отбасы банк» ұйымдастырған баспана жәрмеңкесінен тапты. 

Жомарт Айтов әскери қызметкер. Мемлекеттің тыныштығын қорғап жүрген азамат отбасымен жалдамалы пәтерде тұрады. Бүгінгі жәрмеңкенің арқасында ол, әскери қызметшілерге арналған жеңілдетілген бағдарламалар бар екенін білген. "Үйлерді аралап көрдім. Сапасы өзіме қатты ұнады" дейді Жомарт.

Бүгінгі жәрмеңкеге Жомарт секілді жүзден аса тұрғын қатысты. Барлығының арманы баспаналы болу. Ол үшін үй кезегіне тіркеліп, атыңызға жазылған баспананың жоқ екендігін дәлелдейтін құжаттарды жинауыңыз қажет. Шара ұйымдастырушылары «біздің мақсат, әртүрлі типтегі жандарға баспананы қалай алу керек екендігін түсіндіру» - дейді.

 "Негізі, көпшілік адамдарды біздің акцияларымызды білмей жатады. Сол үшін бүгін қызметкерлеріміз ашық аспан астында кеңес беруде",- дейді «OTBASY BANK» АҚ Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары Дәурен Мырзатаев. 

Баспана жәрмеңкесіне қала тұрғындарынан бөлек, мердігер компаниялар да қатысты. Олар, өздері салған тұрғын үйлерді халыққа жарнамалап, бос пәтерлерін ашық сатылымға шығаруға мүмкіндік алды.  "Бізде дәл қазір бос пәтерлер көп. Қарапайым халыққа тиімді болу үшін арзан бағада сатып жатырмыз",- дейді «BATSU»  компаниясының өкілі Әмір Нұрмаханов.

Іс-шара қала халқы көптеп жиналатын «Жібек жолы» саябағында өтті. Жәрмеңке барысында «отбасы банк» қызметкерлері флешмоб билеп, келген тұрғындардың көңіл-күйін көтерді.

Департамент басшысы тұрғындарды жеке қабылдады
Мүмкіндігі шектеусіз суретші
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу