Діни сауаттылық сананы сауықтырады

Oinet.kz 18-09-2022 321

Screenshot_2.png 

Біз зайырлы мемлекет ретінде адамдарды зайырлы ұстанымдар- «Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет» деген Қасым-Жомарт Тоқаев теріс ағымдармен күресті күшетіп, азаматтардың діни сауаттылығын арттыруды тапсырған болатын. 

Осы ретте Шардара ауданы Сүткент ауыл округіндегі Т. Тәжібаев жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен "Діни ағымдардың алдын алу"  тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараға Шардара аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ - нің теолог маманы Е.Сариев  қатысты.

Теолог маман Е.Сариев деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар екенін айтты. Олардың ортақ сипаты  - діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуынан көрінеді. "Жат ағымның жетегінде кетіп адасқандар көп. Әсіресе, жастар жағы. Тез елітіп, жылы сөзге тез еріп кететін болғандықтан, солай. Ал бір рет жаңылысып, жаза басқанды қайта қатаруға қосу оңай емес. Жас буынды қауіп - қатерден сақтандырудың бірден - бір жолы  алдын алу",- дейді Е.Сариев.

Жиында сондай-ақ  теріс діни ағымдардың зияндығы жайлы түсіндіріліп, тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың тізімімен таныстырылды. Зайырлы қоғамда өскен ұрпақ теріс діни сенімдердің торына байланбай, әр нәрсеге сыншыл санамен қарайтын, жан - жақты білім алуға ұмтылған және де өзге дін өкілдеріне құрметпен қарайтын азамат болып өсуі тиіс екендігі туралы айтылды. Дін мәселесінде сұрақ туындаған кезде жауапты ең бірінші Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайттарынан іздеген абзал екендігін айтты. Деструктивті діни ағымдардың жастарды арбау әрекеттері осы ғаламтор ресурстары арқылы, соның ішінде әлеуметтік желілерде жүзеге асырылуда. Деструктивті діни ағымды ұстанушылардың басым көпшілігін жастар құрайды. Олар діни ағымдарға рухани азық іздеп кіріп жатқаны да қаперден шықпауы керек. Әсіресе олардың негізгі нысанасы әлеуметтік жағдайы мен дүниеге деген көзқарасы толық қалыптаспаған жастар болып табылады және діни сауаты жоқ, жұмыссыз жастарды еліктіріп қатарына тартатынын тілге тиек етті.

Жиын соңында қатысушылар теолог маманға көкейдегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.


Балалар ертегі әлеміне саяхат жасады
Төлебиде туризм қанат жайып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу